Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өтті

24.kz

997d168f56133eff3b7b377e3f44e8be_L

Жетісу өңірінде тазалық сенбілігі өтті.

Оған Алматы облысының барлық аудан-қалалары мен елді мекендеріндегі тұрғындар, мекемелер мен қоғамдық ұйым өкілдері және студенттер қатысты. Мақсат – қыс алдында тазалық мәселесін реттеп алу. Облыс орталығы Талдықорғанда көшет отырғызу мен абаттандыру жұмыстары да қатар жүргізілді. Жаңа нысандар бой көтерген аймақтар мен басқа да гүлзарлардың айналасына қайың, қарағай, емен сияқты ағаштардың 3 мыңнан астам көшеттері отырғызылды.

Мәмилә Мұсабекова, қалалық мәслихаттың депутаты:

- Жасыл желектердің қатары көбеюі үшін осы Қаратал жағалауында бүгін талдар егу, оны абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көріктене түсуі үшін, оның ауасының таза болуы үшін барлығымыз да өзіміздің үлесімізді қосқымыз келеді. Бүгін енді нағыз еңбек мерекесі болып жатыр.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9979

 
1
0
293

Осы тақырып бойынша

Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өтті - Yvision.kz