Өскемендегі этноауылға 322 көшет отырғызылды
Өскемен жайқалған жасыл қалаға айналады. Шаһарды көркейту жұмыстарына нұротандықтар да кірісіп кетті.
Олар облыста жұмыс жасайтын бастауыш партия ұйымдарының санына сәйкес этноауылға 322 көшет отырғызды. Ол ұйымдардың барлығы әлеуметтік мәселелерден бөлек өңір экологиясын жақсартуға да белсенді қатысып жүр.
Ғалымдардың айтуынша, бір гектарға егілген көшет бір жылдың ішінде 100 тонна шаң мен басқа да қатты заттарды ауаға таратпай ұстап қалады. Енді бұл игі іс облыстың барлық аудандарында жалғасын таппақ.
Сымбат Рамазанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бөлім кеңесшісі:
- Негізгі мақсат – халықтың, қоғамның өзінің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, оның қоршаған орта табиғатын тазалау, соған 1 үлкен септігін тигізу мақсатында осындай бір үлкен игі бастаманы алып отырмыз. Бұл сынақты біз ары қарай еліміздің барлық бастауыш партия ұйымдарының, өзіміздің партияластарымызға ары қарай старт ретінде жалғастыру үшін береміз деп айтқымыз келеді.
http://gbpp.org/kz/2015/10/9973
