Мазмұнға өту
Green-bridge1

Green-bridge1

Сайтта 2015 ж. 10 қыркүйекКазахстан, Астана

Программа партнерства "Зеленый мост"

рейтинг

100

жазбалар

844

пікір

1

тіркелуші

13

жазылымдар

193

Ә.Пірметов: «Жасыл» технологияны жандандыру – жаһандық мәселе

Әлем елдері биылдың өзінде «жасыл» технологияны дамыту мақсатында 270 млрд доллар қаражат бөлді. 2050 жылға дейін қуаттың 10-15%-ын баламалы энергия көздері арқылы өндіру мақсаты тұр. Сондықтан ЕХРО халықаралық көрмесі аясында шетелдік мамандармен тәжірибе бөлісіп, өз ғылыми жетістіктерімізді өзгеге көрсетудің маңызы зор. Мемлекет басшысы биылғы басты оқиғаларға орай тілшілерге берген сұхбатында осындай ой айтқан болатын. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарама төрағасының орынбасары Әлішер Пірметовтің айтуынша, бұл тұрғыда көрмеге дайындық жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін 57 мемлекет әлемдік шараға қатысатынын қуаттады. Әлішер Пірметов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары: - Көрме арқылы біз әлемде осы бағытта атқарып жатқан жұмысымызды…

1
0
283

Винченцо Нибали мен Фабио Ару Astana EXPO-2017 көрмесінің елшілері атанды

Astana Pro Team велокомандасының шабандоздары Винченцо Нибали мен Фабио Ару Astana EXPO-2017 көрмесінің елшілері атанды. Команданың топ-менеджері Александр Винокуров пен ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов бүгін осындай меморандумға қол қойды. Спортшылар жаңа маусымда халықаралық көрменің логотипі салынған киім үлгісімен шығады. Шабандоздар алда Австралия мен Аргентинада өтетін жарыстарға қатыспақ. Топ құрамында 30 спортшы бар. Есімовтың айтуынша, мұндай жарнаманың арқасында көрмеге келушілер саны біршама артады. Өйткені велоспорт халық арасында өте танымал спорт түрі. Сондай-ақ бүгін шабандоздар EXPO көрмесіне орай салынып жатқан ғимараттардың макеттерімен де танысты. Ахметжан Есімов, «Астана EXPO-2017» ҰК басқарма төрағасы: - Біз халықаралық көрменің имиджін көтеру үшін қарқынды жұм…

0
0
310

Парижде 196 ел климат жөніндегі жаңа келісімді қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Парижде  196 елдің өкілдері БҰҰ- ның климат жөніндегі жаңа шекті келісімін қабылдады. Құжатқа сәйкес мемлекеттер 2022 жылға дейін жаһандық жылумен күрестегі ұлттық мақсаттарын айқындауы тиіс. Ал 2023 жылы алғашқы жалпы қорытынды сараланады.

Ұлттық іс-шаралардың басты мақсаты – Жер бетіндегі  ауа температурасының көтерілуін индустрияландыруға дейінгі кезеңмен салыстырғанда   2 градустан аспайтын деңгейде ұстап тұру.

Айта кетер жайт, елдер температураның өсуін 1,5 градусқа дейін тежеуге тырысатындықтарын мәлімдеді.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12952

1
0
314