Дереккөз: “24KZ” Телеарнасы
«Shell» халықаралық британ-нидерланд концерні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниетті
Shell компаниясы мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоятын болады деп хабарлайдыЭКСПО — 2017 сайты. «Shell» халықаралық британ-нидерланд концерні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің бас демеушісі болуға ниет танытып отыр. Бұл туралы «Shell» концернінің Қазақстандағы төрағасы – «Shell VP and Country Chairman in Kazakhstan» вице-президенті Дунган ван Берген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу барысында айтты. «Осы уақыт аралығында 48 мемлекеттің қатысатындығын растағандығы өте жақсы нәтиже. Біз сіздердің жетістікке жететіндіктеріңізге сенеміз», — деді Дунган ван Берген. Кездесу барысында Ахметжан Есімов жоба жайлы, көрме кешенінің құрылысы жөнінде және халықаралық көрменің мән-мақсаты туралы айтып берді. Сондай-ақ, о…