Мазмұнға өту
Green-bridge1

Green-bridge1

Сайтта 2015 ж. 10 қыркүйекКазахстан, Астана

Программа партнерства "Зеленый мост"

рейтинг

100

жазбалар

844

пікір

1

тіркелуші

13

жазылымдар

193

Қалалық кеңес Алматыдағы заманауи өнер мұражайының құрылысын бекітті

Өткен сенбі күні Алматының Қала құрылысы кеңесіне меценаттар Бостандық ауданының аумағында халықаралық деңгейдегі Мұражай салу жөніндегі әлеуметтік жобаны ұсынған болатын, деп хабарлады қалалық әкімдік. «Museum of Modern Art» ҚҚ-ның осы жобаны жасаушылары туризмнің халықаралық орталығы болып табылатын қаланың беделін одан әрі көтеруді көздепті. Құрылыс нысаны Ботаникалық баққа жақын аумақта бой көтереді, оған бөлінген жер көлемі 2,17 гектар, Әл – Фараби даңғылының солтүстігі. Қалалық кеңес мүшелері айтып өткендей, болашақта салынған мұражай Дендрапарктің дамуына оң ықпал етіп, Ботаникалық баққа енудің кіреберісі болады. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күнге дейін Ботаникалық бақтан Әл- Фараби даңғылына шығатын жол жоқ. Жоба бастамашыларына қойылған басты талап – салынатын мұражай кешені…

1
0
326

Astana Invest 2015 қатысушылары фотоэлектрлі модульдер мен күн батареясы зауытын аралады

Бүгін Астанада VI Халықаралық инвестициялық форумының бірінші күні өтіп жатыр. Аталған шараға қатысу үшін елордаға Еуропа, ТМД мен Азия мемлекеттерінен делегаттар келді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. Форум аясында қатысушылар «Аstana Solar» ЖШС фотоэлектрлі модульдер мен күн батареясын шығаратын зауытты аралады. Кәсіпорын өкілдері қонақтарды қарсы алып, зауыт жұмысымен толыққанды таныстырды. Күн батарея өнімін шығару Қазақстанда үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Алматы облысы Үштөбе қаласында кремний өндіріліп, Өскемен қаласында негізгі шикізат көзі дайындалып, Астанаға күн ұяшықтары түрінде жеткізіліп, күн модульдері дайындалады. Зауыттың өнімділігі сағатына 30 модульді, тәулігіне 240 модульді құрайды. Кәсіпорын жылына қуаттылығы 50 МВт-тық дайын фотоэлект…

1
0
254

Қарағандылық өнертапқыштардың тың жаңалығы

Қарағандылық физиктер қымбат тұратын құрылғылардың төзімділігін арттыратын тәсілді ойлап тапты. Жаңа технология тау-кен, мұнай және энергетикалық компанияларды жабдықтауға кететін шығындарды екі есеге азайтады. Қазір ғалымдар қарағандылық жылу электр орталығындағы көмір ұнтақтайтын диірменнің төзімділігін арттырумен айналысып жатыр. Алдымен құрылғының бөлшектері тазартылып, одан кейін электрондық-сәуле балқымасынан өткізіледі. Соңында құрылғының үйкелісін азайту үшін оның сыртын арнайы жабындымен жабады. Мұндай тәсіл ғалымдардың айтуынша, құрылғының төзімділігін бес есеге арттырады. Виктор Юров, ҚарМУ ғылыми-зерттеу орталығының директоры: - Біз материалдарды қаптау тәсілін тауып алдық. Бұл тәсіл Қазақстанда патенттелген. Жаңа технология балқыма қаптау ұнтақтары арқылы кез келген құрылғыны…

1
0
479

Алматы облысының кәсіпорындары «ЭКСПО-2017» құрылысына қатысатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен. Облыстың әкімдігі және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында отандық тауар өндірушілерді «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын салуға қатыстыруға бағытталған меморандумға қол қойылды. «Жақында ғана Елбасы атап өткендей, қазіргі дағдарыс 2007 жылдардағыдан әлдеқайда күрделірек. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын ғана емес, қазіргі жұмыс орындарын сақтап қалу ерекше маңызды. Сондықтан да біз осы келісімшарттарға қол қойып жатырмыз », – деді Ахметжан Есімов. Арнайы ұйымдастырылған көрмеде тапсырыс берушілер өнімнің сапасын өзі көріп, бағалау мүмкіндігіне ие болды. «Өз…

1
0
439

Елімізде Ильич шамының балама түрі шығарыла бастады

Отандық ғалымдардың айтуынша жаңа тауар әлдеқайда тиімді әрі залалсыз. Өндірісті астаналық Led System компаниясы жүзеге асырды. Жергілікті мамандар құрылымы күрделі қондырғының жұмыс тәртібін жан-жақты меңгеріп алған. Олар өткен ғасырда шығарылған Ильич шамының жаңа түрін жасауды ТМД кеңістігінде алғаш болып қолға алды. Мамандардың айтуынша, экологиялық зардабы мен энергиялық тәуелділігі төмен тауардың жарамдылық мерзімі 10 жылға жетеді. Сәбит Нұрахметов, өндіріс директорының орынбасары: - 1, 2, 3 минуттың ішінде мынадай заттардан кәдімгі шам шығарамыз. Бұл зауытта менен басқа 40 адам жұмыс істейді.Қазіргі уақытта бәріміз жаңа технологияны үйреніп, меңгеріп жатырмыз. Өндіріске шетелдік қондырғы орнатылған. Күн сайын мұнда 5 мың филаментті шам жасалып, арнайы зертханада тексеріледі. Өнімні…

1
0
255

«ЭКСПО-2017» көрмесіне Катар мемлекеті ғылыми жобаларын ұсынады

Қазақстан сонау Аравия түбегіндегі Катар мемлекетімен де экономикалық, инвестициялық серіктестік аясын кеңейте түспек. Қысы, жазы ыстық ел күн сәулесін кәдеге жарата білетін Катар мемлекеті баламалы қуат көзі күн энергетикасы бойынша өз тәжірибесімен бөлісетін болды. Қазір катарлық ірі компания Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне ғылыми жобаларын әкелуді көздеп отыр. Аравия түбегінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Катар мемлекетінің аумағы біздің елдей ұлан-байтақ болмаса да, ауқатты ел болып табылады. Басқа да араб мемлекеттері секілді қара алтын мен көгілдір отынға бай Катардың халқы 2 млн-нан сәл ғана асатынын ескерсек, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімінің 100 мың доллардан көп болуы түсінікті де. Парсы шығанағымен шектесіп, Сауд Арабиясымен шекаралас жатқан шағын мемлекетпен…

1
0
393

ҚР ИДМ «Rio Tinto» компаниясымен бірге 6 жаңа технология бойынша оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда

ҚР ИДМ «Rio Tinto» компаниясымен бірге 6 жаңа технология бойынша оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Қазгеология» АҚ Геология және табиғи байлықтарды қолдану комитетінің төрағасы Ғалым Нұржанов. ҚР ИДМ Rio Tinto» австралия-британия концерні, «Korea Resources Corporation» оңтүстік корея ұлттық компаниясы, «Iluka Resources Limited» австралиялық компания, «Ulmus Fund» неміс инвестицияларының жеке қоры сияқты шетелдік ірі инвесторлармен геологиялық барлау жұмыстарын бастады. «Қазіргі уақытта, Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңес шеңберінде ТМД елдерімен шекаралық аумақтарда жұмыстар қарқынды жүруде. Сонымен бірге, 5 елдің қатысуымен (Ресей, Қытай, Монғолия, Корея Республикасы және Қазақстан) «Солтүстік-Орталық-Шығыс Азия…

1
0
330