Мазмұнға өту
Fvfylsr
Fvfylsr

Амандык Амирхамзин

@Fvfylsr

Сайтта 2016 ж. 21 наурызКазахстан, Астана

Без прошлого нет настоящего!

рейтинг

250

жазбалар

315

пікірлер

85

тіркелуші

20

жазылу

1

Қоқан қыпшақтарының қырылуы немесе бір әріптің «ылаңы»!

Қоқан қыпшақтарының қырылуы немесе бір әріптің «ылаңы»!Бала кезімде алыстағы Қоқан қыпшақтарының қырылғаны туралы әкемнен естіген едім, бірақ түйсігім аталарымызды КСРО-ның оқулықтарында «половцы» немесе өзіміз Дәшті-Қыпшақ жұрты деп оқығанымыз болмаса, бұлардың қазаққа қандай қатысы бар деп ойлайтып едім. Дегенмен, қазіргі қазақ құрамындағы қыпшақ тайпасы мен бағзы заман – қыпшақ этнонимінің айырмашылығы барын да айтуымыз керек. Салыстырмалы түрде бергі уақыттағы «Қара Қыпшақ Қобыланды» жырында: «Кешегі өткен заманда, Дін мұсылман аманда, Қарақыпшақ Қобланды, Атасы мұның Тоқтарбай Халықтан асқан болды бай. Байлығында есеп жоқ, Айдалып бағып жайылды Төрт түлік малдың бәрі сай. Жаз жайлауы Көздікөл, Көздікөлді жайлаған Қалың Қыпшақ жағалай. Тоқтарбайдың дәулеті — Ішкені мас, жеген тоқ, Бай…

0
0
1566

Қостанай облысындағы қазақ мектебі жайы туралы

Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтың «Ел болам десең,бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді, әдемі нақылы бар. Мен оны әрі жалғастырып, бала тәрбиесінің отбасына, ошақ-қасына, ал білімінің мектепке де қатысы бар екенін айқым келеді. «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.» депті тағы бір сөзінде ұлы Мұхаң. Иә, мектеп, өмір айнасы, ал қазақ мектебінің жайы – бұл қоғамның белгілі бір пробламасы деп те айтуға болады. Мектеп мәселесі, әсіресе қазақ мектебінің жайы Қостанай облысында да күйіп тұр. Сөзіміз дәлелді болу үшін цифрларға тоқталайық. Облыста жалпы 529 мектеп бар екен, оның тек 120 ғана ана тілімізде білім береді, яғни, өңірдегі қазақ ті…

0
0
651

Құпиясын қойнына бүккен Дуана тамы

2019 жылғы 6 шілде күні Арқалық қаласынан шығып, Амангелді кентіне жеткен экспедиция мүшелері Батпаққара жеріндегі А.Иманов атындағы музейді тамашалап болған соң (музей туралы кейін жеке пост жазбақпын), сол жердегі бистродан түскі асымызды іштік. Бұл қоғамдық тамақтандыру орнын ауылдық жер үшін асы да сапасы да жақсы деп бағалауға болады. Содан кейін аудан орталығында орналасқан "Алтын Дала" резерватының бас офисіне кіріп, аталалған резерваттың табиғи кешендерді қорғау бөлімінің бастығы Серікболсын Қаржаубайұлы Құлжанов бізді қарсы алды, резерват аумағын кіруіміз үшін рұқсат қағазымыды көріп, барлық ақыл-кеңестерін беріп, шығарып салды. "Ұлы Жыланшық" учаскесіне кіре берісте күтіп алған бекет қызметкерлері бізді аймақ бойынша алып жүрді. Бірден дала еркелері - киіктер ойқастап алдымыздан…

0
0
2218

Жаңақорған ауданына сапар

Иә, 2019 жылғы 9-12 мамыр аралығындағы Түркістан және Қызылорда областарына сапар туралы әзілдегенім ғой, Түркістан облысын «жырлап болдым», жалпы саны 20 мақала жазған екенмін, әрине, көрген-білгеніңді қағазға түсірген дұрыс деп ойлаймын.Ендігі кезек Қызылорда облысы туралы болмақ. Бірден айтайын, шындығында бір күнім облыстың Шиелі және Жаңақорған аудандарын аралауға, оның тарихымен, жерімен, ескерткіштерімен, табиғатымен, адамдарымен танысуға кетті. Екінші күні тиісінше Қызылорда қаласында болдым.Сонымен, 11 мамыр күні таңертеңгі шаруаларымды ыңғайлап және «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін аралап болған соң, автовокзалдан Жаңақорған кентіне жол тарттым.Негізі, автобус жүреді екен, бірақ таксиге отыруды жөн көрдім, автобустан гөрі такси ыңғайлы ғой, екіншіден автобус сияқты емес такси жүргі…

0
0
4293

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой! Мағжан Жұмабаевтың: «Түркістан — екі дүние есігі ғой, Түркістан— ер түріктің бесігі ғой . Тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.» деген сөздері қандай керемет. Түркістанға дәл Мағжандай баға берген ешкім жоқ шығар, бірақ Түркістан туралы толықтыра түсінік бере кетейікші. Біріншіден, Түркістан түркі жұртының ұлысы, екінші, Түркістан дегеніміз көп жағдайда Орталық Азияға қатысты айтылады, әрине басынан бағы тайған Шығыс Түркістанымызды (Шығыс Қазақияны) ұмытпақ емеспіз. Түркістан облысы және оның бас қаласы Түркістан туралы жақсы білеміз, ал біздің сөз еткелі отырған тақырыбымыз Түркістан шаһарында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі туралы болмақ. Негізінде, осыдан біраз жыл бұрын Түркістанға ар…

2
4
5395

Түркістан шаһары

Түркістан сапарының соңы! Сонымен Түркістан облысына арналған екі күндік сапарымыз да аяқталды. Ойға алған мақсатымызға жеттік, барамыз деген нысандарымыздың барлығына дерлік барып шықтық. Әрине, 30 градус ыстық болғанына қарамастан және Ораза ұстап жүрсе де шыдамдылық танытып, екі күн бойы бірнеше жүздеген шақырымды бірге артқа тастаған «Түркістан туризм» туристік орталығы басшысы Нұрдәулет Медеуовке алғысымды білдіремін. Бұл оның туған жерге деген іңкәрлігі деп білемін. Сонымен бірге өңірдің ойы-қырын бір адамдай білетін Марат Заурбековке және оның туған-туысқандарына рахмет айтқым келеді. Енді, сапардың аз ғана күн болғанына қарамастан менің тарапымнан да өзге өңірдің жұртшылығы, жалпы осындағы достарымыздың да оңтүстік өңір туралы, оның туристік әлеуеті жөнінде қосымша мағұлмат алса е…

0
0
1548

Қарнақ

Қарнақ! Түркістан облысына сапарым барысында ерекше ден қойған жерлерімнің бірі Қарнақ болды. Қарнақтың, Шорнақтың, Жүлектің, Иқанның, Хантағының атына бұрыннан қанықпын. Оқыған тарихи кітаптарымда бұл қалалардың-қамалдардың қазақ тарихында ерекше орын алғанын білемін. Енді, неліктен Қарнаққа ерекше тоқталатынымның себебін түсіндірейін. Қарнақ – Түркістан шаһарының іргесіндегі қала, сол заманның өзінде Қазақ хандығы астанасының қазіргі тілмен айтқанда агломерациясы болған. Оған Қарнақтың тағы бір атауы Ішкі кент - Ишкент те дәлел бола алады. Негізі, Қарнақтың тарихты Қазақ хандығынан да әрі жатыр, дәлірек айтқан оғыздар заманымен байланыстырамыз. Оған дейін де қоныстың болуы әбден мүмкін. Темір дәуірінің қорымдары да бар деседі. Оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы текетірестер оғыз тайпал…

0
0
1804

Оңтүстіктің қонақжайлығы мен асханасы туралы

Оңтүстіктің қонақжайлығы мен асханасы! Халқымыздың қонақжайлығы туралы баяғыдан айтылып жүр, бәріміз де ол жөнінде білеміз. Расында, қонақжайлығымыз керемет. Тек, бір нәрсе кемшін түсіп жатады. Ол – қонақжайлылығымызды монетизацияға айналдыра алмай жүрміз, мәселен, грузин асханасы керемет, қонақжайлығы да белгілі, олар қонақжайлығын көрсету арқылы туристерге қызмет көрсетіп, қаражат та тауып жатыр. Ал, туристке одан басқа не керек? Еліміздің әр өңірінде ас әзірлеуде аздаған өзгерістер болуы мүмкін, бірақ, жалпы ұлттық асханамыз бір болуы тиіс деп ойлаймын. Мысалы, батыстағы балықтан жасалған ас тағамы қандай керемет болса, солтүстіктегі пісірілген ет тағамы тіпті ғажап, ал, өңтүстіктегі қозықұйрықты жеп көрдіңіз бе? Міне, осы тағамдарымызды, әсіресе ұмытыла бастаған тағамдарымызды қалпына…

0
0
1199

Аппақ Ишан мешіті туралы

Сапарымыздың екінші күні жол түскен елді мекендердің бірі - Түркістан облысы Бәйдібек ауданының орталығы Шаян кенті болды. Жалпы, Түркістан облысында білуімше 1600 тарихи-мәдени нысан бар екен, республикадағы ескі нысандардың көпшілігі де оңтүстік өңірде орналасқан. Мәселен, ЮНЕСКО тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Йассауи мавзолейінен кейінгі маған өте ұнаған кешен - ол Аппақ ишан сәулет кешені болды. Дәл осындай деңгейдегі ерекше құрылысты бірінші рет көруім және оның үш ғасыр аралығында сақталып қалуы керемет құбылыс емес пе?! Кешен мешіттен, медреседен және дәрісханадан тұрады. Ендеше, Аппақ ишан сәулет кешені туралы дерек бере кетейін. Аппақ ишан кешені туралы айтқан кезде әрине Аппақ ишанның өзі туралы баяндау қажет. 1850 жылы Түркістан қаласынан ағайынды Қосым және Құлатай ишандар Шая…

3
2
4055

Домалақ ана

Домалақ ана! Түнгі 12-де ет жеп, сорпа ішіп болған соң қазақ қонақжайлығы бітті ме десек, әлі жалғасы бар екен?! Не деген ғажап халықпыз. Қонағын құдайдай сыйлайтын біздей жұрт жоқ шығар сірә? Сонымен көлікке отырдық. Ниязәлі көкеміздің үйінен шыққаннан кейін Марат бауырымның үйі тағы шай дайындап қойыпты. Сөйтіп, «Астан үлкенбіз бе?» деп сағат түнгі екіде шай ішіп отырдық. Ниеттеріңізге рахмет! Алғысым зор.Таңертең тұрған соң, тағы жолға шықтық. Бүгінгі жоспар бойынша да көп нысанды аралауымыз керек. Бірінші бет алған нысан – Домалақ ана кесенесі. Ақсукенттен шығып, жүйіткіп келеміз. Жол жақсы, арасында кейбір кедір-бұдырлары болмаса тек. Айтқандай, Қарабұлақ деген ауылдан өттік, бұл Қазақстандағы көшесі ұзын ауылдардың бірі деседі және осындағы мал базары оңтүстіктегі ең ірі мал базары…

0
0
1836