Мазмұнға өту
Fvfylsr
Fvfylsr

Амандык Амирхамзин

@Fvfylsr

Сайтта 2016 ж. 21 наурызКазахстан, Астана

Без прошлого нет настоящего!

рейтинг

250

жазбалар

315

пікірлер

85

тіркелуші

20

жазылу

1

Қайран Қырымлы жұрты! Қайырымды қазақ халқы!

Қырымнан жер аударылған Нариман Шамилевтің естелігенен: "Қырымнан қазақ даласы арқылы қоныстану орнына дейін бара жатырмыз. Жұртты мал сияқты тиеп, вагондарға отырғызған, вагон ішінде Решат ағамыздың анасы қайтыс болды. Ол кісі ақсүйектер ұрпағынан болатын. Станцияда жерлейміз деген кезде, бәрімізді әскерлер автоматтарымен ұрып, вагонға қуып тықты. Жан керек? Не істейтінімізді білмейміз. Сол кезде жергілікті қазақтар келіп Решат ағаға былай деді: "Анаңызды мұсылман салты бойынша жерлейміз. Тек есімін, туған күні мен туған жерін жазып бер. Алла жазса, кейін анаңыздың басына келіп Құран оқисыз". Қазақтар сөздерінде тұрды. Көп жылдардан кейін Решат аға манағы станцияға келді және анасының қабіртасын тапты. Қырым қызының аты-жөні Шамилева Фатима екен! Қайран Қырымлы жұрты! Қайырымды қазақ хал…

0
0
512

Ғайып Ерен, Қырық Шілтен!

Ғайып Ерен, Қырық Шілтен! Былтырғы сапарымыздың бірінде Қазығұрттың басына тоқтаған Нұх пайғамбардың кемесінің орнына барып едік, жол бойында ғой, бірақ осы жолғы саяхатымызда жолды қысқартуға әрі уақытты үнемдеуге тура келді. Оны айтып отырған себебім, «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса, неге қалған?..», деп басталатын жыр жолдарын білмейтін қазақ кемде кем шығар? Иә, Қазығұртқа барған жоқпыз.Есесіне, Қазығұрттың басына тоқтаған Нұх пайғамбардың кемесімен байланысты келесі нысанымыз – Ғайып Ерен, Қырық Шілтенге де жеттік. Сәл шегініс жасайын. Кейде осы біз сенсация іздеп, «Бәлен жерде бақыр бар, барсаң, бақыр түгіл тақыр жоқ» деген сөзді ұмытып қалатын сияқтымыз. Мәселен, бауырлас Түркияда ондай аңыз-әфсаналарды ойдан ойлап табып, туристерді «құлақтан тебетінін-ай кеп». Р…

0
0
4187

Темірландағы Қажымұқан Мұңайтпасов музейі туралы

Әлқисса, 2019 жылғы 9 мамыр күні сағат 13.10 уақытында «BEK AIR» әуе компаниясының Астана-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып шығып, шырайлы Шымқалаға 14.40 сағатта келіп қондық. Бұл күндері Нұр-Сұлтанда шамамен 26 градус ыстық болса, Шымкентте 30 градус ыстық шамасында екен. Әуежайдан күтіп алған «Түркістан туризм» туристік-ақпараттық орталығының басшысы Нұрдәулет Медеуов пен бауырым Марат Заурбековпен бірге бірден Темірландағы Қажымұқан Мұңайтпасов музейіне жол тарттық. Жол жақсы, әуежайдан тиіп тұр, Темірланның Шымкенттен қашықтығы бар болғаны 35 шақырым көлемінде екен. Оңтүстік өңірдегі сапарымызды қазақ халқының даңқты тұлғасы Қажымұқан бабамыздың музейінен бастауды жақсы ырымға баладым. Әкемнің айтып және жазып кеткен деректері бойынша ол Ұзын Қыпшақ, Алтыбас. Қажымұқан атамыздың туған ж…

0
0
4514

Оңтүстікке сапар туралы

2019 жылғы 9-12 мамыр аралығында Түркістан және Қызылорда облыстарына саяхат жасап келдім. Бұл жолғы сапар бұрынғыдан өзгеше болды. Егер, Түркістан облысына осымен төртінші рет сапарға шығып отырсам, Қызылорда облысы аумағына алғашқы жол түсуім екен. Бәрі ойдағыдай, сапар сәтті болды. Түркістан, Шымкент шаһарларынан өзге Қарнақ, Шәуілдір, Шаян, Темірлан сияқты көптеген елді мекендер мен Ақбура, Ақмешіт, Аппақ ишан медресесі, Мірәлі баба кесенесі, Сауран қаласы орны, Отырар жазирасы, Отырар қаласының жұрты, Ғайып ерен Қырық шілтен, Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Үкаша ата, Қажымұқан Мұңайтпасов музейі сияқты көптеген мәдени-тарихи нысандарды аралап, рухани ләззат алдық. Қызылорда шаһарынан өзге Жаңақорған және Шиелі аудандарына да жол түсті. Қызықты да танымды сапардың ойдағыдай өтуіне ж…

0
0
859

Құралайдың салқыны!

Кішкентай кезімізде әр жаз сайын Ахмет Байтұрсыновтың "Аққұм" деп аталатын өлеңіндегі "Аққұм" деген кеңшардың "Бердібай қарасуы" деп алатын жердегі нағашымызға, жайлауға баратын едік. 80 шақырым қашақтықтағы жердің өзгеруі керемет болатын, бір 20 шақырым көлеміндегі жер тастақты болады да одан кейінгі 20 шақырым жер қызыл топырақты болып келеді, одан кейінгі 20 шақырым жер нағыз құмды төбешіктер болып келеді де қалған 20 шақырымы әдеттегі сары дала болатын, бір қызығы жан-жануарлар дүниесі де әр-алуан болып келеді. Көлікпен бара жатқан кезде жолдан киіктердің өтуін күтіп тұратын едік. Сол кездегі "В мире животных" деп аталатын бағдарламаның заставкасында көп жануарлар өтіп бара жататын көріністі біз де көретін едік, көліктен шығып, киіктердің өтуін қызықтап қарап тұрушы едік, шамамен 15-2…

0
0
2760

Тәжікстанның Ұлттық музейі туралы

"Әләуләйім бітсе егер, хәләуләйім тағы бар" дегендей әйтеуір Тәжікстан сапарына да бүгін нүкте қоямын. Сапар бойынша Ювижн блогыма 11 материал салған екенмін. Өткен жолы жазғанымдай Тәжікстанның Ұлттық музейі өте ұнады, бір емес, екі күн қатарынан барып, асықпай араладым. Шын мәнінде өзге елді білгің келсе, оның музейін қарау керек екен. Оған нақты көз жеткіздім. Енді, қысқаша музей туралы дерек бере кетейін. Музей 22 үлкен және шағын көрме залдарынан тұрады, жалпы музей 4 бөлімге бөлінген: табиғат, ерте заман және орта ғасыр, жаңа және қазіргі заман тарихы, бейнелеу және қолданбалы өнер бөлімдері. Сондай-ақ, музейде ғылыми-зерттеу бөлімі құрылған. Маған әсіресе, нумизматика мен елдің геологиясы ұнады. Экспонаттарының өзі 50000 асады. Енді, суреттер сөйлесін. Тәжікстанның Ұлттық музейінде…

0
0
2233

Жүре берсең көре бересің...

Надпись на обратной стороне стороне этого архивного фото из города Токмака гласит, что эта девочка была украдена и спрятана в тряпье в стоге сена, для того “чтобы быть съеденной”. Казахская пословица гласит: «Жүре берсең көре бересің». Да, настолько наши предки были провидцами, поражаюсь их дальновидности.Оказывается, есть люди, которые отрицают казахский голодомор – Ашаршылық. Для меня потомка человека, выжившего во время Ашаршылық это нонсенс, я даже сказал бы, что это кощунственно перед умерших сотни тысяч жертв Голодомора (по данным профессора Х.Абжанова потери казахов от голода составили не менее 3 млн. человек, кроме того, одна шестая часть коренного населения навсегда покинула историческую родину). Один «умный аксакал» (если честно, язык не поворачивается назвать его аксакалом, для…

Орталық Азиядағы ағаш есіктер туралы

Негізі, саяхатшы деген әр нәрсеге мән беруі керек деп ойлаймын. Мысалы, Ресей саяхатшысы Варламов сәулет ескерткіштері туралы жазатынын білемін, ал мен: "осы неге Орта Азиядағы ағаш есіктер туралы мәлімет бермеске?" деген пікірге келдім. Ресей суретшісі Верещагиннің Түркістан сериясынан "Двери Тимура (Тамерлана)" ("Темірланның есіктері") және "У дверей мечети" (Мешіт есігі алдында") деген картиналары естеріңізде шығар? Әрине, еліміздің оңтүстігінде және Өзбекстанда да ағаштан жасалған әдемі, өрнектелген есіктерді көрдім. Нағыз өнер туындылары деп санаймын. Мысалы, Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің есіктері қандай әдемі. Әрине, өзім көрген Самарқандтың, Ташкент пен Бұқараның есіктері де сондай көркем. Тәжікстанда да ағаш есіктер баршылық екен, жалпы, олардың ағаштан жасалған орындықтары, бөде…

0
0
2119

Тәжікстан сапары, 3-4-ші күндер

Таңертең ұйықтап жатып, асқазаным ауырғаным байқадым. Кешегі әртүрлі тағамдарға жасаған «дегустациям» нәтиже берсе керек?! Негізі, ащы-тұщы тағамдарды көп пайдаланбаушы едім, бар бәле өзімнен, «Ішің ауырса аузыңды тый,көзің ауырса қолыңды тый» деп дана халқымыз бекер айтпаған-ау!Енді, не қарекет қылмақ керек? Бір емес екі жоспарым бар еді, алғашқысы солтүстікке жолға шығу, келесісі бүгін Душанбеде ел Президентінің қатысуымен өтетін Наурызға арналған шаралар. Арнайы шақырту да алған едім (ол үшін «Сайру Сайёхат» туристік фирмасының басшысы Мааруф Нодариға рахмет).Амал нешік, белсендірілген көмір ішіп, амалдауға тура келді.Бәлкім, тез сауығып кетермін деген үміт бар, мүмкін жолға шығып кетермін?Амалсыз емделуге тура келді, қысқаша айтқанда бір күнім босқа кетті. Не істейсіз? Бұл күні ешқайд…

0
0
1284

Тәжікстан сапары, 2-ші күн

Таңертең ерте тұрып, жуынып-шайынып болған соң, хостелдегі/қонақ үйдегі таңғы асымды ішіп алдым. Зарина деген хостел/қонақ үй қызметкері жұмыртқа пісіріп, майы мен нанын, қолбаса мен шайын дайындап қойыпты. Жалпы, бір қасиетім – бөтен жерде жүрсем ерте тұрамын. Бүгінгі әдетім де сондай. Сосын кешегі уағдаластық бойынша «Сайру Сайёхат» туристік фирмасының басшысы Мааруф Нодари мен оның баласы Амир келіп, Куляб бағытына қарай жолға шықтық. Кулябтан бұрын көкейімде Худжанд мен Истарафшан (Ұра-Төбе) тұрды, мен «негізі Кулябтан бұрын солтүстікке жол тартуым керек еді» деп едім, Мааруф «онда солай жасаңыз» деді. Мен «жоқ, уағдаластық қой, жолға шығамыз» деп көлікке отырып, Нүрекке қарай зымырай жөнелдік. Қаладан салыстырмалы түрде тез шықтық, айтқандай Өзбекстан сияқты Тәжікстанда да әр жылы На…

0
0
1624