Мазмұнға өту
Fvfylsr
Fvfylsr

Амандык Амирхамзин

@Fvfylsr

Сайтта 2016 ж. 21 наурызКазахстан, Астана

Без прошлого нет настоящего!

рейтинг

250

жазбалар

315

пікірлер

85

тіркелуші

20

жазылу

1

Қасқыр жүрегін жеген жігіт немесе ашаршылықта бір рулы елден жалғыз тірі қалған кім?

Бүркіттің ес білгелі, оңын-солын танығаннан бергі ата кәсібі жылқы бағу еді. Одан қалды әкесі хат танытқаннан кейін аң-құс аулауға да баулыды. Басын сонау қазақтың қасиетті Ұлытауынан бастау алатын Ұлы Жыланшық өзенінің бойын ата-бабасы мекен етіп келе жатқанына да көп уақыт болыпты. Кезінде Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесінде: «…Сейтқұл көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төсіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың Қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жерді ұнатып қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, Қабырға бойына алып келді…» – деп жазатын Торғай-Қабырға мен Ұлы жыланшық өзендері Сырдария мен Әмудария сияқты бұл өңі…

0
0
1664

Валера мен Юра және Сергей туралы

1-cурет. Ауылым - туған мекенім! Менің ауылым қияндағы, Астанадан 1000 шақырым жердегі бір ауыл. Ондай ауылдар Қазақстанның әр түпкірінде кездеседі. Әңгіме сол ауылдың балалары, дұрысы өзіміз қатар өскен Юра мен Валера және Сергей туралы еді. Ауылымызда 10 шақты ғана өзге ұлт өкілдері тұратын, бір қызығы әке-шешелері бәлендей қазақша сөйлемейтін, бірақ балаларының сөздері мірдің оғындай болатын. 2-сурет. Біздің құрдастарымыз осы баладай еді. Фото Интернеттен алынды. Бір күні Валера мен Юраның мынадай сұхбатына куә болғанбыз. Валера Юраға "түйе" деп тиісіп жатыр екен (Юра құныс болатын), ал Юра оған "ешкі" деп жауап қайтарып жатты (терісінің сары болғанын меңзеп айтқаны). Екеуі бір бірін мақалдап, жаңылтпаштап сөйлегенде басқа ұлт өкілі сөйлеп тұр деп тіптен ойламайсыз! Кейін алтыншы сынып…

0
0
1022

Наурыз құтты болсын немесе «Самарқандтың көк тасы» туралы!

Наурыз құтты болсын немесе «Самарқандтың көк тасы» туралы! 1-сурет. Самарқандтағы Шердор медресесін Жалаңтөс баһадүр 1619-1636 жылдары салдырған. Кішкентай кезімізде үлкен кісілер «Самарқандтың көк тасы еріді», енді міне Наурыз келді деп айтатын. Шынында ол сөзді тура мағынасында қабылдайтын едік. Кейін есейе келе зер салып қарасам, бірнеше мағынасында қолданылады екен. 2-сурет. Самарқандтың көк түсті қабырғалары. 1. «Самарқандтың көк тасы еріді» деген сөз тас екеш тастың өзі жібіді, ал адамдар бір біріне мейірімін төксін деген мағынада деп түсінемін. 3-сурет. Әмір Темір империясының орталығы - Самарқанд қаласы. 2. Тағы бір мағынасы былай деп айталады. Ескі бір заманда Мәуреннахрды билеген бір қазақ билеушісі (бәлкім, Жалаңтөс баһадүр болар) Наурыз күні өз тағынан түсіп, кез келген қарашы…

1
0
5570