Оберон құпиясы. Ол не жұмбақ?
Отандық киноөндірушілердің сан емес, сапаға да үлкен мән беріп, соған сай жұмыс жасалып жатқандығына да көз жеткізе бастадық. Фильмдеріміздің тақырыбы мен пішімі де әртүрлі. Негізінен, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, ұлттық сана қалыптастырып, елге деген патриоттық сезімін оятатын кинотуындылар. Олардың бірқатары жанрлық негізде түсірілген заманауи фильмдер тобы. Бұған соңғы жылдары шыққан «Қазақфильм» кинотуындылары арқылы көз жеткізе аламыз. Мәселен: «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Ликвидатор»,«001-ші жүк», «Елес қуған сайыпқыран» сынды соңғы жылдары жарық...
