Шымкент қаласында «Дін және әйел» атты форум өтті
2013 жылдың 7 қараша күні Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйел істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, «Үлес-2020» қоғамдық қорымен бірлесіп «Дін және әйел» атты форум өткізді. Форум жұмысына Парламент Мәжілісініңдепутаттары, Дін істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйел істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Білім дәне ғылым министрлігінің өкілдері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, ғалымдар, оқытушылар, мәдениет қайраткерлері, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері қа…