Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында Қызылорда қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде «Діни сауаттылық – ішкі тұрақтылық кепілі» атты тақырыпта кездесу өтті

2013 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында Қызылорда қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде «Діни сауаттылық – ішкі тұрақтылық кепілі» атты тақырыпта кездесу өтті.

Кездесуге Дін істері агенттігінің, мемлекеттік органдар мен дін өкілдері, ЖОО студенттері, оқытушы-ғалымдар, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Кездесу барысында ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының бастығы Айнұр Әбдірәсілқызы «Қазақстандағы діни білімнің дамуы және қазіргі жағдайы» тақырыбында баяндама оқыды. Дін өкілдері тарапынан Қызылорда қаласы «Айтбай» мешітінің наиб-имамы Үркімбаев Марат Дайрабайұлы «Ислам дініндегі ғылым-білімнің орны» тақырыбында сөз сөйледі. «Сырдария-Руханият» қоғамдық қорының төрағасы, Қызылорда облысы бойынша діни-психологиялық, құқықтық кеңес беру орталығының жетекшісі Тұрар Әбуов «Діни ағымдар және олардың қоғамға кері әсері» атты тақырыпта баяндама жасады. Қызылорда облыстық діни кеңес беру орталығының дінтанушы маманы Батырбек Убаев «Дәстүрлі ханафи мазхабы – ел бірлігін сақтаудағы сенімді жол» тақырыбындағы баяндама оқыды.

Кездесу барысында оқылған баяндамалар қызу талқыланып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

0
0
495

Осы тақырып бойынша

Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында Қызылорда қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде «Діни сауаттылық – ішкі тұрақтылық кепілі» атты тақырыпта кездесу өтті - Yvision.kz