Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2013 жылғы 11 сәуірде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Дін және әйел» тақырыбына арналған форум болып өтті.

Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, Қызылорда облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті тарапынан ұйымдастырылды.

Форумға Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қызылорда облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ЖОО студенттері, оқытушы-ғалымдар, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Сонымен қатар 30 қазанда «Болашақ» университетінде аталған форум аясында жастардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған «Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында» атты семинар-тренинг өтті.

 
0
0
437

Осы тақырып бойынша