Хизб ут-Тахрир ұйымының зайырлылыққа көзқарасы
Хизб ут-Тахрир діни партиясы 1953 жылы Шығыс Иерусалимде египеттік «Мұсылман бауырлар» немесе «Братья мусульмане» қозғалысының филиалы ретінде Тақуиддин ан-Набханидің бастамасымен жергілікті басқару жүйесіне қарсылық көрсету арқылы пайда болды. Ұйымның стратегиялық жоспарлау орталығы Лондон қаласында орналасқан. Партияның идеялары көптеген мұсылман елдерінде оның ішінде Египетте, Иракта, Алжирде, Суданда, Иеменде, Иранда, Суданда, Пәкістанда және Ауғанстанда кең ауқымда таралған. Ұйым саяси доктринасының негізін Мұхаммед пайғамбар және оның төрт халифасы кезіндегі халфатты қайта құру идеясына негіздейді. Хизб ут-Тахрир ұйымы өздерінің саяси мүдделерін қасиетті Құранның әл-Имран сүресінің «Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне с…