Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Саяси билікке дәстүрлі мұсылмандық көзқарас

Саяси билікке дәстүрлі мұсылмандық көзқарас

 

Дін қоғамды тепе-теңдік пен үйлесімге келтіруші, әлеуметтік тұрғыдан реттеуші жүйе ретінде үлкен әлеуетке ие екендігі белгілі.Адамзат тарихының барлық кезеңдерінде дін өзінің реттеушілік және біріктірушілік функциясы арқылы қауымдар мен тайпалардың ұлт және этнос ретінде қалыптасуына, мемлекет болып дамуына тікелей ықпал жасады.

Ежелден еліміз аумағында кеңінен таралған ислам діні де қазақ ұлтының қалыптасуына өзіндік үлесін қосты. Ұлттық тарихымызды саралай оған шолу жасасақ, қазақ даласындағы ру-тайпалық құрылымдардың бірте-бірте мемлекет тәрізді басқару жүйесі күрделі ірі саяси-әлеуметтік құрылымға айналғанын көруге болады. Мемлекет ретінде қалыптасу жолында қазақ қоғамындағы саяси билік жекелеген аумақта ру-тайпалық одақтар мен бірлестіктердің басшылары, сондай-ақ ақсақалдар мен билер тарапынан жүргізілген. Ал мемлекеттің жоғарғы саяси билігінің тізгіні хандардың қолында болды.  Ел басқару ісінде олар халықтың қоғамдық өміріндегі діни-рухани бағыттардың дамуына өз ықпалын тигізді.

Тарихымыздан ерекше атап өтетін мысал: ислам діні Алтын Орданың тағына Берке хан (1258 ж.) отырған тұста мемлекеттік саясаттың қолдауына ие болды. Осы кезден бастап Жошы ұлысының ішкі-сыртқы саясатында діни мүдде негізгі рөл атқара бастады. Мемлекеттік басқарудағы диван қызметіне ислам орталықтарынан арнайы шақыртылған діни оқымыстылар тартылып, Алтын Орда қалаларының сипаты мұсылмандық нақышта өріле бастады. Империяның мұсылмандар қоныстанған қалаларында жаппай мешіт-медіреселер салынып, исламдану үдерісі қарқын түрде жүзеге асырылды. Дегенмен, Берке хан Жошы ұрпақтарының ислам дінін қабылдамағанына байланысты Алтын Орданы толықтай теократиялық мемлекетке айналдыра алған жоқ. Оның ұмтылысы Алтын Орданың исламдануына ілкімді бетбұрыс ғана бола алды.[1]

Қазақ – ежелден діні мен діліне үлкен маңыздылық беріп қараған халық. Осы халықтың арасында жекелеген аймақта билік жүргізген билер мен ақсақалдар институты да, мемлекеттің бас саясатын жүргізген хандар да ел билеу ісінде діни қағидаттарға жиі жүгінген. Оған салт-дәстүрмен бірге діни үкімдерге негізделген Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» мысал бола алады. Сөйтіп, дәстүрлі мұсылманшылықты ұстанған қазақ халқы ежелден діни әрі зайырлы элементтерді қамтыған саяси биліктің ықпалымен қалыптасып дамып отырған.

Исламды ұстанғаната-бабаларымыздың саяси билікке қатысты көзқарастары осы діннің сенімдік қағидаттарының аясында қалыптасты. Дәстүрлі діннің ұстанымдарын басшылыққа алған қазақ халқы исламдағы «басшыға мойынсұну – міндет» деген қағидатты ұстанды. Басшыға мойынсұну қажеттігі жөнінде мұсылмандар үшін Жаратушыдан келген бұл бұйрық Құрандағы«Аллаға, пайғамбарға әріөздеріңнен болғанәмір иелеріне бағыныңдар» («ан-Ниса» сүресі 59-аят) деген аятпен негізделген.Бұл аяттағы «әмір иелері» атауына қатысты имам Әбу Хурайра, Ибн Аббас, Зәйд ибн Әсләм секілді сахабалар: Билік басындағылар, – деп түсіндірмесін беріп өткен.

Әбу Хурайра жеткізген мына бір хадистеМұхаммед пайғамбар: «Кім маған мойынсұнса, ол Аллаға мойынсұнғаны. Кім маған мойынсұнбаса, ол Аллаға мойынсұнбағаны. Кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны. Кім басшыға бағынбаса, ол маған бағынбағаны», – дейді (әл-Бұхари және Мүслім риуаяты). Бұл халықтың өз басшысына бойұсынуы қажеттігін айғақтайтын хадис.[2]

Өз кезегінде тақтан үміткер адам халықтың мүддесін ойлайтын әділетті басшы болуы тиіс. Ислам бойынша мемлекет басшысы қоғамды әділ басқарған жағдайда, шыққан тегі, ұлты, нәсіліна қарамастан халық оның жүргізген саясатына қолдау білдіруі керек. Бұл турасында Мұхаммед пайғамбар: «Сіздерге басшы болып тағайындалған адам мейіздей қап-қара құл болса да оған мойынсұныңыз»(Бұхари, Аһқам: 4) деп бұйырады. Яғни, мемлекет басшысының ата-тегінен кінәрат іздеп, жеке басын кемсітетін қателіктер таңып, оған қарсы тұру ислам шариғатына қайшы келеді. Сондай-ақ зұлымдық көрсетпеген басшыға халықтың мойынсұнуы илаһи міндет саналады. Бұл жайында Алла Елшісі (с.а.у) өз хадис-шарифінде: «Күнә жасауды бұйырмаса, мемлекет басшысын жақсы көрсін, жақсы көрмесін, әрбір мұсылман оған мойынсұнуы шарт» (Бұхари, Азан: 54) деп бұйырады.[3]

Кемеңгер ислам ғалымы фақих Ахмадат-Тахауи биліктегі басшыға бойұсыну қажеттігі туралы «әл-Ақида әт-Тахауия» кітабында былай деп жазған: «Біз имамдарымыз бен әмірлерімізге қарсы шығуды мойындамаймыз, тіпті олар қателессе де және әділетсіздік жасаса да. Біз оларға лағнет айтпаймыз және оларға мойынсұнудан бас тартпаймыз. Біз оларға бағыну арқылы Ұлы және Құдіретті Аллаға бағынамыз дегенге сенеміз. Ал оларға мойынсұну – олар күнә істеуді бұйырмаған кез-келген жағдайда міндетті. Біз үнемі олар үшін Алладан оларды тура жолға салсын және есендік берсін деп жалбарынамыз».[4]

Қорыта айтқанда, билік басындағылардың өз халқына әділ әрі мейірімді болуы және халықтың өз басшыларына адалдық пен бойұсынушылықты танытуы мұсылмандардың саяси билікке қатысты қалыпты көзқарасын қалыптастырады. Бұл – дәстүрлі мұсылманшылықты ұстанғандардың, яғни әһли-сунна уал-жамағаттың ұстанымы.

М.Ж.Муслимов

ҚР МСМ «Дін мәселелері

жөніндегі ғылыми-зерттеу

және талдау орталығы» РММ

Исламды зерттеу бөлімінің

бас ғылыми қызметкері

   

[1]Исахан М. Алтын ОрданыңайбарлыбилеушісіБерке хан  // www.e-islam.kz

[2]Бейсенбаев Б. Басшыға бағыну – парыз  // www.islam-orkeniet.kz

[3]Исахан М. Басшыға бағыну – кемелділіктің көрінісі  // www.e-islam.kz

[4]Бейсенбаев Б. Басшыға бағыну – парыз  // www.islam-orkeniet.kz

 
0
0
965

Осы тақырып бойынша

Саяси билікке дәстүрлі мұсылмандық көзқарас - Yvision.kz