«Жоғымызды» кімдер жоқтап жүр?
«Жоғымызды» кімдер жоқтап жүр? Yvision.kz сайтынан ««Абыройдың» абыройсыз әрекеттері немесе ұлттық мүдде қайда?» деген мақаланы оқып ойланып қалдым. Себебі мен де Орал қаласының тұрғынымын, мақалада айтылған жайттар маған жақсы таныс. Менің де елдегі саяси оқиғаларға, саясаткерлердің іс-әрекеттеріне, сөздеріне құлағым түрік жүреді. Себебі елдің тағдырына жайбарақат қарай алмаймын. Республикаға танымал саясаткерлердің көбісі кәдімгідей тұлғалар ғой, шіркін. Таным-түсініктері терең, кілең сайдың тасындай тектілер. Саясат осалдықты талап етпейді себебі. Ал біздің Оралда жұртты бастап жүрген, бастағысы кеп ұмтылып жүрген адамдарды көрген сайын қарным ашады. Батыстан небір жігіттер шықты ғой, саясатқа араласқандардың бәрі Астанаға қарай кетті. Елде жұртты аузына қаратып, салиқалы сөзімен ой са…