Сәлем, БЛОГ!
Сәлем, Блог!
Осы Блогқа қош келдім!)))))
"Блогты не үшін аштым? Не жазам? Кім оқиды?"- деп басында өз-өзімнен сұрап отырдым. Әлде жазбайақ қояйын деп те ойладым, жәй ғана қыртып отырғаным шығар деп. Бір күн ойланып болған соң, жоқ жазу керек деп шештім.
Осы сайттың бар екенін менің жан досым- жалғыз ғана шынайы досым десем де артық болмас- құрбым "Lorin" айтты (шын атын жариялағанымды қаламас деген сенімдемін). Ол қалай болғанын кішкене сипаттап жібере салайын, ол жағдайдың өзі бір қызық әнгіме)))): Lorinнің машинасымен менің тұрып жүрген үйіме жақындап та қалдық (ол әдеттегідей молодец қой, мені үйіме дейін әкеп тастайды), сол кезде бір нәрселер туралы, өмірге көзқарастар туралы, тұрып жатқан Астанамыз туралы біраз әңгімелерді қызу-көпіріп айтып, талқылап отырғанбыз. Сосын мен оған мына күнделікті өмірімнің қандай қызықсыз, тым бірқалыпты екенін, олай болмас үшін көп нәрселерді өзгерту керек-ау, ал ол үшін ақша керек қой деп шешіп, көңілім түсіп, досымның да басын қатырып қойдым)))). Ал ең жыныма келетін мәселелерді мен адамдардың беттеріне басып айтқым келіп жүретінін айттым. Ол үшін әрине толып жатқан әлеуметтік желілер бар, мысалға Инстаграмм))) Бірақ инстаграмда маған қосылғандар ғана оқиды, қайтемін мен оларға ғана айтқанды, жазатын болсақ жалпылама жазу керек, керек болса адамдар өздері оқып алар. Сол, қысқасы, Lorin маған осы YVISION бар екендігіне көзімді ашты. Блог екенін түсіндірді)))) Бірақ, мен әзірге блог қалай жұмыс істейтінін білмеймін, жақын арада үйреніп алармын деген үміттемін. Жоғарыда жазған болатынмын "Блогты не үшін аштым?" деген сауалдың жауабы осы.
Келесі сұрақ ол "Не жазам?"... Мен блогқа шынайы өз ойымды, өзімнің көзім көрген, құлағым естіген, санам саралаған жағдайды жазуды жоспарлап отырмын. Ешқандай дайын шаблон:нақыл сөздер, афоризм, цитата, статус сынды қырт-мырт әнгімелерді жазбауға тырысамын. Олардан өзім ақ шаршадым, бір нәрсе күллі әлеуметтік желілерде жарияланып жүреді же жүреді. Тақырыптар сан түрлі болатын сияқты)))), өйткені менің миым көп мәселерді жазғысы кеп отыр. Алдын ала ескеріп қояйын, соңғы кездері бір писсимистичный боп кеттім, сондықтан блогтар да сұрлануы мүмкін. Бірақ соның бәрі, өміріміздің тұщы-ащы шындығынан! ендеше, жауап осы!
Енді "Кім оқиды?". Қазір маған шын айтсам бәрі-бір кім оқыса да, оқымаса да. Өз сөзім өзіме дегендей... Ал егер бір аудитория қалыптасып кетсе, мен тек оларға қуанамын!!! Жазылған блогтарға, тақырыптарға коменттер болса тіпті жақсы, әрине ол коменттер боқ-ауыз сөздер болса, өте қатты көңілім түседі, негізінде менің адресіме жолданған әр сөзді жүрегіме жақын алатын адаммын, өте эмоциональды, негізі ондай болған өте жаман, аурудың бәрі сонда жатыр на нервной почве дегендей. Оқитын адам болмаса, "Мен" бармын ғой өзімде))))) Ойымдағы проблемалар әріптерге айналып, монитор бетіне түсе қойсыншы... содан мүмкім олар туралы ұмытып кетем (үмітпен жоғарыға қараған смайл:-)).
Солай жағдай, осыдан бастап "А-ля блогым" деп жаза берем деген ойдамын!
