Мазмұнға өту
Askar01

Мұхтар Шаханов шығармашылығы

@Askar01

Сайтта 2018 ж. 24 қаңтар

Қазақ ақыны, драматургі, тіл жанашыры

рейтинг

100

жазбалар

23

пікірлер

0

тіркелуші

5

жазылымдар

0

Алтын, күміс және қалайы

Пәстеу соғып сырт көркі мазмұнынан, Бекер болды-ау, мезгілсіз тозды бір ән. Мыстан құйдық тұлғасын ұлылардың, Жер бетінде алтынның аздығынан. Міне, тағы құлашын жазды бір ән, Көркі осалдық етпегей мазмұнынан. Сорпа ішеміз қалайы қасықпенен, Жер бетінде күмістің аздығынан. Жасық жайлы жасампаз ойға қалып, Жарар еді кетпесек майдаланып. Сары шымшық сан рет той бастады, Бұлбұлдардың аздығын пайдаланып. Қалайы өтсе күмістің есімімен, Үйреніппіз қарауға кешіріммен. Соның бәрі асылдың аздығынан, Азға зорлық жасаудың кесірінен.

0
0
570

Үнсіздік

Бір танысым қонаққа шақырды да, Топ адамның көзінше Пікір пішіп өзінше, Көңіліңді елемей аппақайдың, Досым, сені жатып кеп даттады-ай бір. Кеткен шақта әділдік заңға айналып, Ақты қара деп айту қандай набыт. Үнсіз қалдым. Өзіңді нақ сол сәтте Ақтап алар дәлелім болмай қалып. Өткен күзде билетін жоғалтып ап, Бір қарт әжей вокзалда жылап тұрды, Жылап тұрды, еңсесі құлап тұрды, Жанарында жалыныш сұрақ тұрды. Кеткен шақта ізгілік заңға айналып, Жомарттықты тұсаулау қандай набыт. Үнсіз қалдым. Қалтамда нақ сол сәтте Көк тиын болмай қалып. Өмір сансыз сауалын тартыпты алға, Кездерім бар өзімді қор тұтқан да, Мүмкіндігім жоқ сәтте мұңға батам, Үнсіз қалып отырам сондықтан да. Табиғаттың тымырсық ақпанындай, Ақпанындай, жылдардың қақпанындай, Мені осынау мейірімсіз үнсіздіктің Азабынан әрдайым са…

0
0
371

Қазақтың бас бұлшық еті

Тұлпар далаң, іңкәр далаң айтып жатыр алғысын, Қабіріне бас игендей тәкаппар тау, қарлы шың. Күллі қазақ әйелдері толғатса да қанша рет, Туа алмастан келеді әлі саған ұқсас нар мүсін. Ұлтымыздың қара күші, дара күші, армысың, Біз аспаған биіктерден сенің даңқың қарғысын. Беске толған шағым еді. Қасқасудың төсінде Беу, Қажеке, әкемді іздеп келген кезің есімде. Шетте жүріп мекенінің амандығын сұраған, Кезеңі еді әкемнің ол көңіл шыңы құлаған. "Туған жерден мені іздейтін бар екен деп бір адам", Құзар тауға сүйенгендей сені құшып жылаған. Сен әкеме жігер беріп, мейіріміңнен от өріп, "Мына ұлың палуан болсын!" дедің мені көтеріп. Жә, палуандық қайда маған, нәзік, жұқа кескінмен, Жел үрлесе құлайтындай қауқарсыз боп өстім мен. Бұл не тағдыр, сусыз көлдің қоғасындай мәні кем, Тән қуатын күйттеге…

0
0
1005

Алғыс айтып өтем саған

О бастан-ақ Мен Сен болғам, Сен, әрине, Мен едің, Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің. Келер таңға қиял жалғап, сыр толғасып кей күн біз Шын досы жоқ адамдарды аяу керек дейтінбіз. Адал достық құдіретін ешбір сезім бөгемес, Тіпті көзсіз махаббаттан оның даңқы кем емес. Тірліктегі менің әрбір өрісім мен жеңісім Ең негізгі қуаныш боп есептелді сен үшін. Қалжыраған сәттерімде қайғы-мұңмен қағысып, Пейіліңді қанат етіп,сен жетуші ең ап ұшып. Енді бейнең алыс тартты қалың тұман ішінде, Еш айырма болмап еді сөзің менен ісіңде. Зор пенделік тарту күшін жеңе алғанын үшін де, Саф адалдық ауасымен дем алғаның үшін де, Маған шексіз және шетсіздене алғаның үшін де, Алғыс айтып өтем саған өңім түгіл түсімде.

0
0
364

Шекарасыз жомарттық немесе Қалекеш Қарақұловты іздеу

Бәрі де есте, алқынғаның, бақыт іздеп шарқ ұрғаның. Ашық-адал мінезіңді ту ғып ұстап жарқылдадың, Бірақ неге қайығыңды құзға соғып алдың, жаным? Кей адамның рухынан бақыт кейін қап жүреді, Жігіт едің аузын ашса, көрінетін ақ жүрегі. "Дарындыдан қарынды озсын!" дейді күліп заман арсыз, Нақ осы ұран тұрған кезде қалай түлеп, ағарарсыз, Қарын күшін мойындамас жұртты қайдан таба аларсыз? Таба алсаңыз, мұның ерлік екендігін бағаларсыз. Сатылғанның барлығы - күл, сатылсаңыз - жоғаласыз. Ал, сен соны тым ерте ұққан жомарт болдың шекарасыз. Күнде үйіне қонақтарды топ-тобымен алып келіп, Таң атқанша лаулап-жанып, әрқайсысын танып, көріп, Және оларды әнге, жырға, ой-толғауға салып көріп, Отырушы ең, қымбаттым-ау, жүрегіңнен жарық беріп. Дархан, аңғал болмысыңа пенде көздер таң қалатын, Кез келгенне…

0
0
244

Мен қыз үшін ұялдым

Байқатпастан уақытты тез өткен, Өнер толы өзекпен, Жыр қанатын безеп кең, Әмзе басты жиналғандар кезекпен. Бірақ жұртқа зейін қоймай сыздана, Ортамызда отырды бір қыз бала. Miнe, ғажап, келбет қандай, көз қандай, Сұлулығы қиялыңнан озғандай! Ақша бұлттың арасынан бір арман Соған қолын созғандай. Бозбалалар аузын ашып аңырып, Қарап қапты қозғалмай. Думан қызды. Аянатын заман ба? Ән кезегі келіп жетті оған да. Сіңген өнер кәріге де, жасқа да, Қыз көңілінен таба алмапты баспана. Әлгі сұлу өзін туған халықтың Бір әнінде білмей шықты, масқара. Ал онысын кемшілікке санамай, Отырды ол өз ойымен одағай. Бөлме толы жақтырмаған көздерге Пысқырып та қарамай. Оғы болмай атуға, Қарттар жағы наразы тіл қатуда: "Бұл немене тумай жатып бату ма?" Нақ сол сәтте сен ән салдың, жан аға. Бұдан асқан нұрлы шат…

0
0
743

Ел тілегінің күші

Тағдырының той-қызығы тарқаған, Өлкедегі ең бай әрі қарт адам, Сәуле шашқан досы түгіл қасына, Шығып алып құзар таудың басына, Жаратқаннан ұлы демеу сұрады, Үш күн, үш түн жалбарынып жылады. - О, тәңірім, Санам мұңға шайлықты, Бердің маған бұл маңда жоқ байлықты. Адам аз ба барлықты даңқ санаған, Бірақ бақыт таба алмадым мен одан. Қарттық жеңді, Көрде тұр бір аяғым, Осыменен бітпек пе өмір - баяным? Көз жұмарда нені демеу етемін, Байлығымды кімге сеніп кетемін? Пейілі мен мерейіңнен таң атқан Бір нәресте сыйла маған, жаратқан?! Сүмбіле шың болып лезде жап-жарық, Үн естілді ақша бұлтты қақ жарып: - Сен перзентсіз өтесің бұл өмірден, Саған сондай жалқы тағдыр берілген, Ол шешімім өзгермейді және де! - О, жаратқан, тәтті арманым өле ме? – Деп сорлы қарт тұманданып көз алды, Ұзақ тұрды, сосын…

0
0
619

Бесінші еркек

Намыс туы желбіреген өрінде, Дүниеге келтірген сан алыпты, Отырарда, Менің туған жерімде Мынадай бір асқақ аңыз қалыпты.Жігерімен жіберердей тасты үгіп, Өнер, ойы тармақты, Адал, жайсаң жас жігіт Ел ырысын шашып өткен Тосын келген қасіреттен Жанын салып туған жерін қорғапты.Ал,табиғат - ұлы Ана Ұланыңа тіл қатыпты қуана: - Бұдан да үстем болу үшін мерейің, Ұлым, саған үш байлықты нысана етіп көрейін. Нысап керек дәулетке де, баққа да, Бірін таңда тек қана: Әр сөзіңде от тұратын, Елге таңдай қақтыратын, Ғажабы да, Азабы да орасан Жұрттан асқан АҚЫЛ берем, қаласаң? Қызығушың көбейетін шашыңнан, Көрген адам кете алмайтын қасыңнан, Қызғаныш та тудыратын орасан Жұрттан асқан КӨРІК берем, қаласаң. Ұмыттырып дүниенің тарлығын, Кілең игі жақсылардың барлығын Жинайтұғын дастарқанның басына, Тіпті,…

0
0
469

Шың басындағы оқиға

Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт. Қыранымсың күллі Кавказ мақтаған, Қанатыңа алғаныңа шаттанам. Тағдырымды бердім, жаным, қолыңа, Енді өзің біл, Сенсіз өмір жоқ маған! – Деді сұлу жасаурап от жанары. Жігіт те оған ырзалықпен, Ерге біткен мырзалықпен Жүрегінен жалын шаша қарады. "Қандай бақыт түсініскен, сеніскен". Біраздан соң, қиқу шықты еңістен – Бұл, әрине, қуғыншының хабары. - Нар тәуекел, Келсе, келсін! – Батыр жігіт томсарды, Томсарды да, қанжарына қол салды. - Жо - жоқ, күнім, Қайсарланба бекерге, Жалынамын, Әкеме қол көтерме. Жазмыш солай болған шығар, Көнеміз. Әттең, ерте қайырылады - ау кемеміз. Енді бізге бір жүру жоқ, Сондықтан, екеуміз де құздан ұшып өлеміз. Тіршілікте жетпесек те мұратқа, Ақыретке бір барамыз бірақ та. Ант еткенмін алған серттен танбасқа, Жасымасқа, Жүнжі…

0
0
2064

Ғашықтық ғаламаты

Қартаң әйел жұмысыма іздеп келіп, жылады:“жалғыз қызым бар еді, айнам, тірлігімнің шынарыЕркелеттім,Өмірімді желкен еттім жолына,Тек сол гүлдеп толыссын деп,Тек сол кисін, сол ішсін деп,Ештеңені аяғам жоқ, бәрін бердім қолына.Қызым сұлу бой түзеді, ой түзеді жайдары,Ой түзеді көз жауын ап қызғалдақтай майдағыАлды болды құрбысының бірге өскен,Үмітіме бақ пен қайғы қалай қатар мінгескен?Бекер,Бекер жіберіппін еркінеЕрте түсіп қалды-ау, сірә, албырт сезім өртінеБақытты едімБақытты едім, мен қандайҚашан қызым жолыққанша ғашытықтың дертіне.Күзетшімін бұл күн есік торығанТуар айым тумай қалды оңынанҮш жыл болдыБұйрабас бір әртістіңСорлы қызым жүгіріп жүр соңынанАл ол иттің(бұл қорлыққа қарашы)Бар әйелі, баласы.Үйленуге қайдан келсін шамасы.Қызым соны білмейді ме?Біледі!Біле тұра селт етпейді жү…

0
0
2912