Ахмет Байтұрсынов Нобель сыйлығы турасында
БІЛІМ ЖАРЫСЫ Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар білімділер, зейінділер. Оларға бәйге тігіп, жарыстыратындар бай адамдар я обществолар. Бәйге тігу, жарыс істеу біздің қазақта да бар. Қазақта бай адамдар я қуаныш нәрсеге той істеп, ат шаптырады, я өлген адамына ас беріп, ат шаптырады. Байлығына қарай, адам-дығына қарай ас пен тойдың үлкені де, кішісі де болады. Барлығы бәйгеге тіккен малынан гөрі шақырған елдердің санынан, сойылған малынан байқалады. Тойдан көбіне ас зор болады. Асқа сойылған малды, қантына шығатын пұлды, ішілетін қымызды, тігілетін бәйгені ақшаға аударып есептегенде, зор астарға талай мың жұмсалады. Соның бәрі жұрт жиылып, бір-екі күн ішіп, жеп кету үшін істеледі. Не жұртқа келер онан пайда жоқ, не ас берушіге тиер сауап жоқ, құр…

