Болар бала жасынан: Софи мен оның жеті өнері
Бүгінгі балалар мерекесінде сіздерге АҚШ-та өткен Халықаралық Сұлу Ханшайымдар байқауының 1 миссі, биші, әнші, цирк әртісі әрі модель 5 жасар Софи Манасян мен 27 жасар анасы Ольга Югайдан алған сұхбатымызды ұсынамыз. — Сәлеметсіздер ме! Мерекелеріңіз құтты болсын! Жалпы Софи қанша жасынан бастап үйірмелерге қатыса бастады? — Софи 1,5 жасынан бастап түрлі дамыту мектептеріне, Монтессори жүйесі бойынша тәрбие сабақтарына барып жүрді. Бәрін де тез үйреніп, тез жалығып кететін. Сосын 2 жасынан бастап кәсіби бимен шұғылдана бастады. Кәсіби деп тұрғаным, олар сол кезден бастап түрлі шараларға шығып, жұрт алдында билей бастады. Бұл процес Софиге өте ұнады. Көрермендер де оны сахнаға шыққан сайын қолпаштап отырды. Кейін Софидің пластикасын, икемділігін, әртістік қабілетін байқаған мұғалімдері оны…