Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Зарқын Тайшыбай: Абылайхантану II

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, абылайтанушы, тарихшы, журналист Зарқын Тайшыбай жақында Алматыда іс-сапармен жүріп, «Екпін» журналына арнайы сұхбатын берген болатын. Материалдың бірінші бөлімі. Төменде сұхбаттың жалғасы. Абылай хан жәнет Ресей патшалығы Абылай хан біздің замандасымыз деп айтуға болады. Тарих өлшемімен алған кезде биыл оның туғанына 300 жыл. Бірақ ол тас ғасырының, не сақ дәуірінің адамы емес, ғұндардың қайраткері емес. Біздің замандасымыз деген 300 жыл бұрын кәдімгі дүние жүзілік өркениеттің жайылып, бүкіл жер шарында барлық мемлекеттер қалыптасып, дүниежүзілік жер бөлінісі басталып, Еуропа Американы жаулап алып үндістерді қырып тастап, ағылшындар мына Индия мен оңтүстік шығысқа кетіп, Қытай Вьетнам мен Лаосты жаулап алып ж…

6
0
2100

Қазақстан эстрадасы интернетті қолдана ма?

Астана күніне байланысты 5-шілдеде «Астана жұлдызы» атты музыкалық байқау өтті. Аға буын мен жас әншілердің көпшілігі қатысқан мерекелік іс-шараға «Екпін» де қатысып, ән байқауы болғандықтан, жұлдыздардан «Жақсы ән қандай болуы керек?» деген және де интернетке қатысты біраз сұрақтар қойып шықты. Әли Оқапов: Ән жайлы. Меніңше, әлі де «жақсы ән» құпиясы ешкімге белгісіз. Хит әндер, халық әндері, заманауи әндер әрқайсысы бөлек дүниелер. Сол себепті, мен үшін ең алдымен, жақсы ән дегеніміз жүректен шыққан ән. Екіншіден, кәсіби аранжировка мен күрделі формасы бар қызықты стильде жазылған ән. Өз талғамым соған келеді. Интернетке келер болсақ, оған өте жақынмын. Сағат сайын кіріп, тексеріп тұрамын. Әлеуметтік желілерден: ВКонтакте, туиттер және инстаграмда бармын. Одан басқа желілерде мен жоқпын…

8
6
2456

Сүйікті мекен: Жапония, Фукуока

Әлемдегі ең сүйікті мекеніңіз қандай? Бұл сұраққа әр адам әр түрлі жауап берер: біреулер салтанатты Парижге асықса, біреулер Лондонның жаңбырын армандайды, үшіншісі Бомбейді қызық көрсе, төртіншісі туған ауылын сағынып отырады. «Екпін» жобасы жазғы демалысты пайдаланып, оқырмандарының әлемдегі сүйікті мекендері жайында сұрастырып көрді. Алғашқы кейіпкеріміз: алматылық Токио тұрғыны Жанна Карчиганова. Жапониядағы ең сүйікті қалам - Фукуока қаласы. Алғаш Жапонияға келгенде бұл қалада бір жылдай тұрдым, сондықтан Жапониядағы туған жерім дей аламын. Фукуока транспорт жүйесі көбіне автобустарға бағынышты. Себебі метро жүйесі аса дамымаған. Бірақ бір кереметі, қала орталығынан аэропортқа метромен 11 минутта жетуге болады. Мұндай қолайлылықты басқа еш жерден кездестірген емеспін. Ал автобустары…

5
4
3088

Инстаграмдағы жас аналар

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Ал бүгінгі материалымыз ерекше, себебі осы жазбада жас аналардың инстаграмына шолу жасадық, декреттік демалыста болса да, белсенді инста-мамалармен танысайық. Санди Рахимбаева "Екпінде" осыған дейін йога жаттықтырушысы ретінде аты аталған бұл жас ана Инстаграмда қазірде lovesanfrancisco нигімен белгілі. Санди әрқашан салауатты өмір салтын жүргізуге талпынады. Әрі өмірінде жас нәресте пайда болғанда да дұрыс тамақтану мен спортын тастаған емес. Баласын кішкентайынан жүзу сабақтарына апарып, қайырымдылық марафонын…

9
6
2790

Шетелде білім алу: China University of Petroleum, Beijing

24 жастағы Аслан Жанзаков Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында туылған. Қазірде Бейжіңдегі Қытай университетінде магистрлік дәрежесін алуда. Сондай-ақ Аслан осы жылы Қытайдың 18 мың студент арасынан «Жыл студенті» атанды. Бұл марапатқа қалай ие болғанын және де Қытайда білім ерекшеліктерін Асланның өзінен сұрап көрелік. — Сәлем, Аслан! Алдымен өзің жайлы қысқаша айтып өтсең? — Сәлем, Айжан! Менiң толық есiмiм Жанзаков Аслан, 1989 жылы туылдым. Отбасымда менi қосып санағанда төрт адам. Әкем Жаңажол мұнай кен орнында жұмыс жасайды, анам дәрiгер, 19 жастағы қарындасым Алматы университеттерiнiң бiрiнде 2 курс студентi. Қандыағаш қалалық №1 орта қазақ мектебiнде оқыдым. Ең сүйiп оқитын пәндерiм математика, физика және Қазақстан тарихы болды. Тарих пәнi бойынша бiрнеше рет пәндiк олимпиадаларына қ…

6
0
2759

Отандық телевизия не дейді?

Бүгін журналистер қауымы төл мерекесін атап өтуде. Біз болсақ, редакцияның кезекті жиналысында бүгінгі ТВ бағдарламалар төңірегінде сөйлескен болатынбыз. Соңғы кезде редакциямызға кейбір арналардан қоңырау шалып, кейіпкерлеріміздің телефон нөмірлерін жиі сұрап алатын болды. Әріптестеріміз жобамыздың материалдарын оқып отырғанына іштей қуансақ та, медиа кеңістікте кейіпкерлердің тапшылығы пайда болды ма деп уайымдай бастадық. Содан отандық ТВ-да не болып жатыр, қандай мәселелер талқылануда, осыны бір аптаның ішінде бақылап көруді жөн көрдік. «Астана» арнасының «Сырласу» бағдарламасы Жүргізушісі: Әйгерім Сейфолла Қонақ: Роза Мұқан, драматург, жазушы Роза Мұқан: «Өз шығармаларын театрларға ұсынатын авторлар қатарында емеспін. "Менің шығармамды қойсаңыз" — деп театр директорының есігін қағып…

9
5
2543

Талғат Рысқұлбеков: «Жалған желтоқсаншылар көп»

Былтырғы жылдың желтоқсан айында «Екпін» журналы 1986 жылғы толқуларға қатысқандармен сұхбат жасаған еді. Алаңға шыққан сол кездегі Алматы студенттері бүгінде елуге таяп қалды, әрқайсысы желтоқсанның ызғарлы күндерін еске түсіріп, өз шындығын айтудан бас тартпай, бүгінгі жастармен бөлісті. Бүгінгі материалда Желтоқсан құрбаны болған Қайрат Рысқұлбековтың інісі Талғат Рысқұлбековтың естелігін жариялап отырмыз. Талғат Рысқұлбеков: Өз халқын өзге ұлт өкілінің билеуіне қарсы болған жастардың арасында мен де, менің туған ағам Қайрат та болдық. Қайрат көтеріліске шықпай тұрып алдын ала екі досымен барып академиясындағы (Қайрат Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында оқыған — "Екпін") Әркен Уақов деген кісіге жолығып ақыл сұраған. Ол кісі қазір демократия, перестройка, қолдарыңа плакаттарыңды алы…

4
3
6552

Зарқын Тайшыбай: Абылайхантану

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, абылайтанушы, тарихшы, журналист Зарқын Тайшыбай жақында Алматыда іс-сапармен жүріп, «Екпін» журналына арнайы сұхбатын берген болатын. Абылайтануға қалай келдім Мен қазақ және орыс журналистикасының тарихын зерттеушімін. Сонау 1970 жылдан бастап «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаятын» зерттегенмін. Ол газеттерді зерттеу бақыт екендігін енді түсініп жатырмыз. Өйткені Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың алғашқы публицистикалық, журналистік еңбектерімен архив құжаттары арқылы танысу ол кезде әркімнің басына бұйыра бермейтін еді. Мысалы, «Дала уалаяты» газетінің редакциясының мұрағаты осы біздің Алматыдағы Орталық архивте жатыр. Осы уақытқа дейін оны кім көрген-көрмегенін білмейміз. Сол…

5
0
1978

«Clay House Gallery» ұсынады

Осы сәрсенбіде Алматы қаласында Қазақстандағы тұңғыш көркем керамика көрмесі ашылды. "Clay House" көрмесінде еліміздің танымал суретші-керамистері Александр Львович, Анна Маргацкая, Владимир Григорьян, Елена Григорьян, Сергей Ледяев, Светлана Плотникова, Наталья Лепихина, Александра Роганова, Ғалия мен Балқия Құсайыновалар сынды шеберлердің туындылары қойылған. "Сағаттар" атты панно, Наталья Цвырова Төртбұрышты қобдишалар, Сергей Ледяев "Мысықтар" шыныаяқтары, Светлана Плотникова "Автомобильдер", Сергей Ледяев. Керамиканы адамдар ежелгі палеолит, неолит дәуірінен бастап пайдаланып келеді. Басында керамика тұрмыс саласында қолданылғанымен, уақыт өте келе ол нағыз өнер туындысына айналған. Бүгінгі күні қыш өнері Азия, Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. "Теңіз саяхаттары", Светлана Плотни…

5
2
3594

Журналист — жанкешпе мамандық

Соңғы қоңырау соғылып, ұлттық тестілеу аяқталғаннан соң түлектер мамандық таңдау мәселесіне келіп тіреледі. Кейбір жастар болашақ мамандығын кішкентайынан анықтап қойса, кейбіреулері құжат тапсыруға соңғы күн қалғанға дейін ойланып-толғанады. Мүмкін екі мамандықтың қайсысын таңдаймын деп жүргендер бар шығар? Таңдау алдында тұрған түлектерге "Екпіннің" бүгінгі материалы пайдалы боларына сенімдіміз. Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультеті, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жидегүл Әбдіжәділқызы соңғы кездері сәнге айналған журналистика мамандығының ішкі өмірін сараптап берді. Аяғын үзеңгіге салып, арғымақты жалынан ұстап өмір жолындағы өз соқпағын таңдауға тәуекел еткен, айналайын талапкерлер, егер сендер журналистика әлемінің т…