Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Аптаның қызықты материалдары #5

Апта сайын "Екпін" журналы сіздерді қазақ тілді БАҚта мәдениет тақырыбында жазылған материалдармен таныстырып отырады. Осы аптаның қызықты мақалаларын қабыл алыңыздар. __________________________________________________________________________ Үнсіз театрдың тұсауы кесілді Қазақстанда есту қабілеті шектелген жандардың алғашқы театры құрылды. Мұндағы мақсат - құлағы нашар еститін жастардың шығармашылық қабілеттерін жарыққа шығару және шыңдау, оларға жан-жақты қолдау көрсету (жалғасы). Қалталы жұлдыз қайсы? Қазақстан әншілерінің табысы байшыкештеріміздің қалтасын қағатын ресейлік әріптестерімен теңесе алмайды. «Ауылдағының аузы сасық» деп, өз әншілерімізге миллиондап ақша шашуға қимаймыз (толығымен оқу). Таспадағы тарих Өткен 70-жылдардың ортасында қазақ киносы бір тосын ахуалға тап болды. Б…

4
9
2380

"Жас арыстандар" жарнама фестиваліне қатысыңыз

Кеше «Канн арыстандары» атты жарнама фестивалінің Қазақстандағы ресми өкілдігінің ашылуына байланысты Алматыда кішігірім шара өтті. Белсенді жастар мен креативті адамдардың жиылған ортасын «Екпін» сырт айналып кете алмады. 2012 жылғы бұл фестиваль аясында елімізде алғаш рет «Жас арыстандар» (немесе “Young Lions”) атты жарнама, маркетинг, маркетингтік коммуникациялар саласында жұмыс жасайтын жас мамандарға арналған байқау өтпек. Он жеңімпазға Apple iPad сияқты сыйлар дайындалған. Ал гран-при жеңімпазы маусым айының 17-23 күндері Францияның Канн қаласында өтетін фестивальге бару мүмкіндігіне ие болады. Кештің ресми бөлімін «Жас арыстандар» байқауының ұйымдастырушысы Асхат Өскембаев бастады: «Сонымен байқауға қатысу үшін: - жасыңыз 28де немесе одан кіші болу керек;- ҚР азаматы болуыңыз керек…

4
9
1256

Банан балмұздағы

Егер балаларыңызды не кішкентай іні-сіңлілеріңізді бір тәттімен қуантқыларыңыз келсе, онда жексенбілік рецептімізді оқи отырыңыз. Бұл балмұздақ тәттіқұмарларға сый болып қана қоймай, ағзаға біраз пайдалы минералдар да береді. Өйткені оның құрамында кальций, фосфор, темірмен қоса, адам көңілін көтеретін ферменттер де бар екен. Сонымен бізге керегі: балмұздақ санына қарай банандар (2-3 жеткілікті). Бір плитка шоколад (бізде «Қазақстан» шоколады) және кокос не жаңғақ ұнтақтары. Алдымен бананды қабығынан айырып, екіге бөліп дайындап қоямыз. Шоколадтың жартысын қайнаған судың үстінде буға ұстап, сұйықтап алу керек. Банандарды бір-бірден шоколадқа батырып, үстіне кокос не жаңғақ ұнтақтарын себеміз. Содан соң банан-балмұздақтарымызды арнайы таяқшаға кигізіп, шоколад қатқанға дейін тоңазытқышта ұ…

Кітапханаларға шолу: Орталық ғылыми кітапхана

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Орталық ғылыми кітапханасы. Мекен-жайы: Шевченко көшесі, 28 Кітапхананың жұмыс кестесі: дүйсенбі - жұма: 9.00 – 18.00сенбі, жексенбі: демалыс Кітапханаға жазылу үшін: - жеке куәлік - жұмыс (оқу) орнынан құжат - 3х4 көлеміндегі 1 сурет Кітапханада интернет – 200 тг Ксерокопия – 15 тг Сканер – 35 тг Ерекшелігі: Кітапхана абонементі арқылы кітапты үйге алуға болады. 1 күнге - 100тг. Ал ғылыми атақ-дәрежесі бар оқырмандарға 1 айға дейін тегін беріледі. Кітапхана 1932 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы бөлімінің негізінде құралған. Ең алдымен қазақстандық және халықаралық ғылыми қауымдастықтың мүдделерін негізге ала отырып, жыл сайын 90 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетіп, оларға 1,2 млн. құжатты қолданысқа бере…

5
9
4669

"Аққулар ұйықтағанда айдын көлде..."

Жақында Қазақстан Республикасының халық әртісі Болат Аюханов бастаған балет труппасы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының сахнасында П.И.Чайковскийдің «Аққу көлі» балетін қойды. Балетті өмірінде бірінше рет тамашалауға келген студенттер мен балет өнерін жүрегімен сүйіп көретін қауымды бір шаңырақта тоғыстырған Мемлекеттік театр биі академиясының әртістері көрерменіне классиканың үздік туындысын сыйға тартты. Болат Аюханов: «Мен жастардың әдемілікке құштар болғанын қалаймын. Ал студенттерді ғылым-білімге, мәдениетке аса көңіл бөлетін жандар деп білемін. Сондықтан да бүгін осындай кешті ұйымдастырып отырмыз. Қазіргі жастар бұзылып бара жатыр, олар ештеңеге қызықпайды дегенге мен келісе қоймаймын. Өйткені бүгінгі балетке келген жастар жанарында жалын бар, осыдан өзімнің де көңілім жад…

6
8
2814

Аптаның қызықты материалдары #6

Бүгін көктемнің алғашқы демалыс күні, ал біз болсақ, сіздерге әдеттегідей осы аптаның мәдени материалдарын ұсынамыз. Бізге қандай айтыс қажет? 1984 жылдан бері айтысқа 150-ден астам машина тігіліпті. Көлік мінбеген кейінгі шыққан Фархат Маратұлы, Қайнар Алакөзов сынды жас ақындар болмаса, айтыскерлердің алды кемінде он бес-жиырма машинадан мінді. 17 жасында сахнаға шығып, 12 жыл айтыста ойқастаған, жақында ғана айтысты қойғанын мәлімдеген Ринат Зайытов он машина алыпты. Жиырма бір жасар Жандарбек Бұлғақовтың да жүлдесі онға таяпты (жалғасы). «ОСКАР» АЛҒАН «АРТИСТ» Францияда той. 84-мәрте таратылған «Оскар» француздың «Артист» картинасына бұйырды. Ел президенті Саркози триумфаторларды ресми түрде құттықтап та үлгерді. Әдетте америкалықтардың өзінен артылмайтын «Оскар» қалайша шетелдік жұмы…

«Интернет ақындары әдебиеттің салмағын төмен түсіріп бара жатыр»

Бүгінгі кейіпкеріміз «Алтын қалам 2011» Ұлттық әдеби жүлдесінің поэзия аталымы бойынша байқауының жеңімпазы, ақын, журналист - Олжас Қасым. Олжаспен бүгінгі поэзияның жағдайы, жаңа толқын ақындарының ерекшелігі, өз өлеңдеріндегі ұстанымдары жайында әңгімелесуді жөн көрдік. - Олжас, алған жүлдең құтты болсын! Шығармашылығыңмен, өлеңдеріңмен жақсы таныспыз. Енді өзіңмен таныссақ деп едік. - Рахмет! Семей қаласына қарасты Абай ауданының жанында бұрын алты ауылды округтен құралған Абыралы деген аудан болған. Қазірде аудан статусы алынып тасталған. Сол жерде бұрынғы атауы Аққора, қазіргі атауы Таңат деген кішігірім ауылда туылғанмын. Төлеужан Ысмайылов деген ақын ағамыздың атындағы орта мектепті бітіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетіне оқуға түстім. Бы…

Кітапханаларға шолу: Орталық қалалық А.П.Чехов атындағы кітапхана

Мекен-жайы: Гоголь көшесі, 109 Кітапханаға жазылу үшін: Оқырман залына: - жеке басты куәландыратын құжат немесе студенттік билет - 3х4 көлеміндегі бір сурет Абонементке: - жеке басты куәландыратын құжат- тұратын орынын растайтын құжат- 3х4 көлеміндегі бір сурет Кітапхана интернетке қосылған. Ксерокопия, принтермен жабдықталған. Ерекшелігі: интернет – 30 минут тегін ксерокопия – 5 бетке дейін тегін Абонемент залында оқырмандарға кітаптарды үйге алып кетуге 15 күн беріледі. Кітапхананың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма: 9.00 – 19.00 сенбі: демалыс жексенбі: 9.00 – 19.00 Әр айдың соңғы бейсенбісі – тазалық күні. Кітапхана оқырманына оқу залы, мерзімді басылымдар залы, абонемент және ақпараттық орталық қызметін ұсынады. А.П.Чехов атындағы қалалық кітапхана 1931 жылы құрылды. 1965 жылдан бастап кі…

4
2
5650

Тау ұшындағы Жұмбақкөл

Ұлытау. Бұл өлкені кез келгені тарихтан білгенмен, келіп көргені, тасбұлағынан суын ішкені аз. Елеусіз күн кешіп жатқан мекеннің көне тарихтан үнсіз ғана сыр шертер мүжілген таулары әлі де көп құпияларын қойнынан шығармай, жасырып келетіндей. Олай дейтініміз бертінге дейін ешкімге белгілі болмаған дәл таудың басынан кездейсоқ көлдің табылуы кімді болса да таңдандырды. Айналасы қамыспен көмкеріліп, тіптен қайың ағашы сондай биіктікте болуын құдіретке балайтындар да көптеп табылар. Жаңбыр, не қар суы десең, шілденің аптап ыстығында буланып ұшып, құрғап кетпеуі қалай? Алыстан қарағанда киіз үйдің шаңырағы іспеттес пішіндегі таудың бұл бөлігіңе жету, одан шығу, көлді табу бір ойлағаннан оңай емес. Шөл даланың адастырар құмындай болмағанмен, тауға бастар дұрыс соқпаққа түсу сол жерде болған ад…

"Екпін" алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді

Достар, сәрсенбі сайын сайтымызда кітапханаларға шолу жасап жүргеніміз белгілі, алайда осы жолы дәстүрімізді бұзбақшымыз. Себеп - "Екпін" командасы Саяси шешімдер клубында өзінің алғашқы баспасөз баяндамасын өткізіп, жобаны көпшілікке таныстырды. Белгілі журналист Амангелді Сейітхан мен өткен аптаның кейіпкері Әлішер Елікбаев шарамызға спикер ретінде қатысып отырды. Ал қонақтардан қаламыздың БАҚ өкілдері мен блогшылар қауымын қуана-қуана қарсы алған болатынбыз. Ең қызықты және тақырыпқа сай сұрақтарды журналистерден гөрі қазақ блогшылары қойды деп айтсақ, ешкім ренжімес. Оқырмандарымызды интернетте қазақ тілін дамыту, қазақ тілді жобалардың беделін көтеру мәселесі толғандырды. Шыны керек, бізді де осы сұрақтар күнде мазалайды. Әр материалды жариялап болған соң, сіздерден пікір, сұрақ, бағ…