«Тұлғалар аз, жатып-ішерлер көп»
Әлішер Елікбаевтың есімі интернет кеңістікте сонау Аффтор.кз-тен бастап, бүгінде Voxpopuli.kz, СОСО “MEGA” сынды алпауыттармен байланысты. “Екпін” журналы журналистика мен PR саласында үлкен тәжірибесі бар тұлғаның жетістікке жету құпиясын ашуға тырысты. - Журналистика факультетін таңдауға не себеп болды? - Қарама-қайшылықтардың кесірінен. Құрдастарым сол кезде заңгер мен экономист мамандықтарын ғана таңдап отырды, басқасы жоқтай. Ал мен болсам, өз мамандығымды таптым. Сыныпта ең сауатсыз, жалқау және амбициясы тасып бара жатқан бала болатынмын. Ондай қасиеттерді талап ететін журналистикадан басқа мамандық бар ма. - Бүгінгі күнге дейін қандай материалыңызды мақтан тұтасыз? - 14 жасымда мектептегі бопсалау, баукеспелік жайында «Караван» газетіне хат жазған едім. Сол кездері онда мықты журн…