Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының жатақханасына фото шолу
ҚМЭБИ жатақханасы Мекен-жайы: Абай даңғылы, 4Жатақхана саны: 1Жатақханада тұру ақысы: тұратын бөлмеге байланысты 10 670 - 14 520 теңге (айына) Жатақханада 24 сағат бойы тыныштықты қадағалайтын күзетші бар. Жатақхана ішінде: Бір қабатта 2 асхана. Әр секцияда душ, ал үш адамдық бөлмеде ванна бар. Әжетхана әр секцияда. Интернет: Wi-Fi (ақылы). Кір жуатын орын үш қабатта орналасқан. (тегін) Бір бөлмеде: 2 (3) студент тұрады. Барлығы - 208 бөлме, оның 12-сі ғана 3 адамдық. Бөлме ішінде: әр студентке жеке төсек, сабақ оқитын үстел, орындық, ортақ шкаф және кітап қоюға арналған 4 сөре, тоңазытқыш бар. Дастан, экономика факультеті, 2 курс. Біздің жатақхананың бір ерекшелігі - мұнда студенттер кеңес заманындағыдай бір бөлмеде он адамнан емес, екі адамнан тұратындығымызда. Сонымен қатар, бізде әр б…