Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Жексенбілік дастархан: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш

Аспаздық айдарынның бүгінгі санында сіздермен қатпарлы бәліш немесе ватрушка жасаудың әдіс-тәсілімен бөліскіміз келеді. Қатпарлы ватрушка кәдімгі ватрушкаға қарағанда жеңіл тағам. Сонымен қатар, оны дайындау әдісі оңай әрі тез. Бізге қажетті заттар: Сүзбе Қант Ванилин ұнтағы Қатпарлы қамыр: 200 г. - маргарин. 2 стақан - ұн 1/2 стақан - су 1 шәй қасық - қант 1/4 шәй қасық - тұз Қатпарлы қамырды жасау үшін: бірінші, ұнға маргаринді бөлшектеп саламыз. Екінші, суық суға қант пен тұзды салып, толық ерігенше араластырамыз. Үшінші, дайын болған суық суды май салынған ұнға құйып, тез илеп қоямыз. Иленген қамырдың үстін майлықпен жауып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа (1 түнге қойып қойса да болады) қойып қоямыз. Артынша қамырды тоңазытқыштан алып жаямыз. Жайылған қамырдан қатпарлы қамыр шығуы үшін бірне…

9
9
4202

Жас режиссердің сәтті қадамы

Э.Олби - «Зоопарк», БҚО драма театры, режиссері А.Маемиров Қазақ ұлттық режиссурасының жас буыны жаңа есімдермен толығуда. Солардың бірі Асхат Маемиров. Қазақ Ұлттық Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында театр режиссурасы мамандығын Маман Байсеркенұлы шеберханасынан тәмамдаған жас талант кейін Франциядан театр саласы бойынша тағлымдамадан өтіп, дипломдық жұмысын Мәскеудің Ресей театр өнерінің Академиясында қорғап (бұрынғы ГИТИС), магистратура академиялық дәрежесін алып шықты. Асхат Маемиров режиссурадағы алғашқы қадамын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрынан бастаған. Онда Ж. Аймауытовтың «Сылаң қыз», Т. Ахметжанның «Қараторғай», А.Кравцовтың «Күнікей қыз», Г.Хугараевтың «Қара шекпен», Е.Аманшаевтың «Қасірет драмасы», Э.Олбидің «Зоопарк», М.Байджиевтің «Махаббат жағалауы», С.Бал…

8
0
2806

Super normal Бақытжанның хикаясы

Mesqueunblog.kz — Бақытжан атты алматылық жасөспірімнің өмірі француз суретшісімен бейнеленген әңгіме. Өзгелер секілді болғысы келетін, бірақ бола алмайтын адам жайындағы комикс. Әдетте көпшілік байқай бермейтін мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың отбасы туралы хикая. Ресми ститистика бойынша Қазақстанда мүгедектікке шалдыққан балалар мен жасөспірімдер саны 50 мыңға жуық. Еліміздегі балалар мүгедектігіне себепкер болған аурулар арасында жүйке жүйесі бірінші орында тұр. Мүгедектікке шалдығуға ықпал еткен негізгі факторлардың арасында елдегі экологиялық жағдайдың нашарлауы, ана мен бала денсаулығына өндірістік қалдықтардың зиян келтіруі, сонымен қатар, көңіл қанағаттандырмайтын медициналық бақылау ерекше рөл ойнауда. Оның өзі қолдау білдіру терапиясы мен қосымша оперативті еммен ғана шек…

10
2
1599

Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры мұражайына фото шолу

Екпіннің «Мұражайларға фото шолу» айдарының кезекті мұражайы «Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры мұражайы». Жазғы уақыт болғаннан соң театрдың келесі ашылу маусымына қызу дайындық үстінен түстік. Мекен-жайы: Абай даңғылы, 103Мұражайдың жұмыс уақыты: театрда қойылым болатын күндері 1-2 сағат бұрын театр тарихымен танысқысы келетіндер тобына арнайы тапсырыс бойынша экскурсия өткізіледі.Билет құны: тегін 1968 жылдың 24 мамырында Қазақстанның Орталық мұражайының филиалы – өнер ордасының алғашқы мұражайы ашылды. Алғашқы қазақ театрында мұндай тарихи қойманың ашылуы көрермендерді де, өнер адамдарын да қуантты. Алайда мұражайдың ашылуы оңайға соқпады. Өйткені, 1926 жылдан бастап 43 жыл бойы жұмыс жасап келе жатқан театр жайлы материалдарды жинап, реттеу мен бір жүйеге к…

3
2
2726

Гүл мекені «Гүлстан»

«Гүл өсіру біздің ата салтымызда бұрыннан бар дүние емес. Біздің тұрмысымызға бұл сала кейін келді. Ата-бабаларымыз көшпенді тіршілік кешіп, көгалдандыруға мән бермегендіктен, қазірде аталмыш сала кенже қалып отыр», — деп назын білдірген біздің кейіпкер, «Гүлстан» журналының журналисі Нәзира Бұрхан бүгін осы жайында толық айтып бермек. Гүл өсіру Нидерландия, Германияда, Жапония сынды т.б елдерде жақсы дамыған. Аталған елдер қазірде гүлдің арқасында қыруар қаржыға кенеліп отыр деуге болады. Алайда, осы гүл саласы бойынша бізде ұлттық кадр жоқ. Біздікілердің көбі банкир, экономист, заңгер болғысы келеді. Ол жақсы ғой, дегенмен, нағыз қаржылы салада ұлтымыздың азаматтары мен азаматшалары жоқ екендігі бізді қынжылтады... Редакциямызға оқырмандардан түрлі тақырыптағы хаттар келіп түседі. Ел тә…

6
8
6936

World Press Photo жеңімпазы Самуэль Арандамен сұхбат

Биыл 55-рет өткізіліп жатқан World Press Photo байқауының қорытындысы бойынша Халықаралық әділ-қазылар испандық Самуэль Аранданың фотосуретін «2011 жылдың ең үздік Фотосуреті» деп таныды. Суретте 2011 жылдың 15 қазанында Йеменнің Сана қаласындағы Президент Әли Абдулла Салехтың билік жүйесіне қарсы деманстрация кезінде жараланған ұлын құшағына алған әйел бейнеленген. Самуэль Аранда Йеменге The New York Times газетінің тапсырмасымен Corbis Images агенттігінің атынан барған. Самуэль Аранда Испанияның Барселона қаласында дүниеге келген. Небары 19 жасынан бастап El Pais және El Periodico de Catalunya газетінде фотожурналист болып жұмыс істей бастайды. Кейін испандық efe агенттігінде израль-палестин қақтығысы туралы хабардар етіп отырған тілші болған. 2004 жылы France-Presse агенттігінде Ливан,…

6
4
581

Әділбек Ниязымбетов: «Бапкерім — менің екінші әкем»

Кеше ғана дүбірлеп өтіп кеткен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан 116 спортшы қатысып, отанымыздың абыройын асқақтатты. Жаңбырлы Лондонда өткен Олипиада ойынының орны біз үшін бөлек болды. Себебі қазақ тарихында болмаған жеңіске қол жеткізіп, елімізді таныта түстік. Өзгелерге қай жағынан болса да мықты екендігімізді дәлелдеп, көк туды желбіреткенше, әнұран шырқалғанша асықтық. Бағы мен бабы шапқан спортшыларымыздың тілеуін тілеген Қазақстан халқының да жанкүйер ретінде толағайларымызға берген рухани күші мол болды. 7 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдені қоржынға салып қомпайттық. Қазақстанның тарихында алтын әріптермен жазылатын жемісті де жеңісті сәт. Лондон Олимпиадасының алғашқы күнінде-ақ алғашқы алтынды қалтаға салған Александр Винокуров, серпе көтеруден әлем рекордын жаңа…

Шахматист Гүлмира Бекзатқызы: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»

Гүлмира Бекзатқызы 1988 жылы 13-сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туылған. Кішкентайынан шахматқа құмар Гүлмира қазірде Әйелдер арасында халықаралық мастер, ҚР құрама командасының мүшесі, Азия, т.б. көптеген бүкіләлемдік олимпиадаларының жеңімпазы. Негізгі мамандығы – халықаралық қатынастар болғандықтан, магистрлік тәжірибесін Испанияда өтті. Ол жақтан да Гүлмираға жергілікті шахмат клубының атынан ойнауға, жастарға сабақ беруге ұсыныс жасалынды. - Сәлем, Гүлмира! Шахматпен айналысып жүргеніңе қанша жыл болды? Және де оны бастауыңа не себеп болды? - Сәлем, Айжан! Төрт жасқа толған шағымда әкем маған шахмат ойнауды үйреткен. Мен өте байсалды, салмақты болғандықтан, кішкентай болсам да, бір жайымда ұзақ уақыт отырады екенмін. Ал қала деңгейіндегі жарыстарға 12 жасымнан…

10
5
2938

Қазақстанның дәстүріне ғашық Сон Паскаль

Шыны керек, Сон Паскаль есімі алдымен «Englishman in Shymkent» әні арқасында танымал болды. Бір жыл бұрын итальяндық жігіт отандық aTunes онлайн байқау жобасының финалисі болып атанған еді. Кейін Сон көптеген хит әндердің римейкын, сондай-ақ, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнінің орындаушысы болып үлгеріпті. Қазіргі таңда әнші көптеген қайырымдылық жобаларға қатысып, белсенді түрде daily motion-дарын түсіреді. Ал тамыздың 15 күні сазгер «You should speak kazakhsha» атты жаңа бейнебаянының таныстырылуын өткізді. Әншінің продюсері Жомарт Сүлейменовтың айтуынша, бұл ән жастар арасында қазақ тілін насихаттауға, оны дәріптеуге аз да болса, септігін тигізу керек. Өйткені қазіргі жастар қазақ тілі дамымай жатыр деген зарға емес, оны насихаттайтын позитивті үнге көбірек назар аударатыны шындық. Бейнеб…

8
6
1227

Конституция күнін қалай тойлап жатырмыз?

Әдетте мемлекеттік мерекелерді тек демалыс ретінде қабылдап, 2-3 күнді ресми түрде қызылмен белгілесе, басқа қалаға не шетелге шығып кетуге қалап тұрамыз. Ал мерекенің маңыздылығы мен қажеттілігіне аса мән бере қоймаймыз. Шындығында, әр мерекенің негізінде үлкен тарих, үлкен маңызды оқиға жатқанына әркім ойлана бермейді. Мемлекеттік маңызы бар мейрамдардың бірі — Конституция күнін басқа елдер қалай тойлайтынына кішігірім шолу жасап, салыстырып көрейік. 2001 жылы 17 қыркүйекте президент Джордж Буштың ұсынысымен АҚШ-та Конституция және Азаматтық күні белгіленді (Constitution Day and Citizenship Day). Ал 1955 жылдан 17-сі мен 23-қыркүйек аралығы Конституция Аптасы ретінде қабылданған. Бұл мереке мемлекеттік болып табылмағанымен, американдықтар бір апта бойы адамдардың құқығы мен міндеттері ж…

9
4
3487