Қазақ әнін YouTube-та насихаттайтын Ақбота
Ақбота Алдабергенова Yvision.kz блог-тұғырында танымал тұлға, оның дауысы сонау YouTube-тағы шетелдік тыңдарманға дейін де жеткен. Музыкаға ғашық талантты әнші мектепті алтын белгімен бітіріп, экономика мамандығын таңдаса да, өнерді тастаған емес. — Сәлем Ақбота! Алдымен өзің жайында айтып өтсең... — Мен Жания Әубәкірова атындағы мектеп-колледжді «фортепиано және вокал» сыныбы бойынша аяқтағанмын. Одан кейін Қазақ-Британ техникалық университетінің «халықаралық экономика мектебі» факультетіне оқуға түстім. Биыл бірінші курсты бітірдім. — Вокалмен қанша жасыңнан бастап айналыса бастадың? — Анамның айтуы бойынша алты айлық кезімнен ән салады екенмін (күліп). Ал нақты екінші сыныпта музыкалық мектепке барғаннан бастап айналыса бастадым. Бізде хор деген сабақ болатын. Сол жерде мұғалімдерім қа…