Қыста ішуге пайдалы 9 ыстық сусын
Әр түрлі шай сорттары мен көптеген ыстық сусындар арасында қыстың аязды күндері жылытатын, әсіресе қаңтар, ақпан айларында таралатын вирустардан қорғайтын, жалпы иммунитетті күшейткіш арнайы топ бар. Оларға глинтвейн, түрлі жеміс-жидектер, цитрустар, зімбір, даршын қосылған түрлі шайлар жатады. Оның барлығын Алматыда қайдан ішіп көруге болатынын «Екпін» тексеріп, алдарыңызға ең дәмді әрі пайдалы 9 ыстық сусынды ұсынып отыр. 1. «Классикалық глинтвейн» Cafeteria Құрамы: қызыл шарап, бал, қалампыр, лимон, апельсин, даршын (корица) бағасы: 1199 тг Бұл тұмауға қарсы күшті ем болып саналатын ыстық сусын қалалық Cafeteria кафесінде «Санта Кристина» атты тосканалық құрғақ қызыл шараптан дайындалады. Шарап белгілі градусқа дейін қайнатылып, одан соң жоғарыда айтылған басқа да ингредиенттер қосылад…