Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Жамбыл Жабаев мұражай-үйіне фотошолу

Бүгін қазақ халқының ұлы перзенті — ақын, айтыскер, сазгер, жыр алыбы Жамбыл Жабаев 167 жасқа толып отыр. Осы күнге орай «Екпін» Жамбылдың мұражайынан арнайы фоторепортаж ұсынады. «Ғасырға жуық ұзақ ғұмырында ол екі дәуірдің, көптеген әлеуметтік дүмпулердің куәсі болды, өмірдің ауыртпалығы мен тіршілік қуаныштарын да бір кісідей бастан кешірді, кедеймін деп мойыған жоқ, болдым-толдым деп тасыған жоқ. Жағымпаздық пен өтіріктің құнын жақсы білген Жамбыл ешқашан байлыққа да бас иіп көрген емес. Басқаның қасіретін терең қабылдап, зұлымдықпен де аяусыз күресті. Ақындар айтысында оған ешкім тең келе алған жоқ. Жамбылдың домбырасы — Жетісудың жан-жүрегі мен айдай ақиқаты еді. Ол өзінің көп достары мен туыстарының қазасын көрді, кешегі соғыс қасіреті жүрегін тілгіледі. Тек алмастай айбарлы сөз ға…

Л.Толстойдан: «Жұмыртқадай бидай»

Л.Н.Толстой ЖҰМЫРТҚАДАЙ БИДАЙ Балалар ойнап жүріп, жұмыртқадай бір нәрсе тауып алады. Ортасында бидай сызығындай сызығы бар. Тұрпаты нақ бидайдай. Бір жолаушы балалардан 5 тиынға сатып алып, қалаға апарып, табылмайтын нәрсе деп патшаға қымбатқа сатады. Патша данышпандарды жиып сұрайды «бұ жұмыртқа ма, бидай ма?» деп. Данышпандар олай-бұлай алып қарады, бірақ патшаның сұраған сөзіне жөнді жауап бере алмады. Терезе алдында жатқан нәрсені тауық келіп шоқып теседі. Жұрт бидай екенін білді. Данышпандар патшаға айтыпты: «бұл кәдімгі арыш бидай екен» деп. Патша бидайды таң-тамаша қылып, қайда һәм қай уақытта шыққан бидай бұл, табыңдар деп данышпандарға жарлық қылады. Данышпандар ойлайды-ойлайды, талай кітаптарды тінтті, түк таба алмай, патшаға келіп айтады: «Біз түк таппадық. Кітапта бұл туралы…

5
1
2525

Шетелде білім алу: Carl von Ossietzky Universität Oldenburg

Сымбат Айжарықова Жамбыл облысы Шу қаласында орта мектепті аяқтағаннан кейін Қырғызстанның Әлем тiлдер институтының немiс тiлi-аймақтану факультетiне оқуға түседі. Одан кейін арман қуып Еуропаға тіл үйренуге аттанады. Алайда, кішігірім арманы үлкен арманға ұласып, Германияның Ольденбург қаласының Carl von Ossietzky университетінің Educational and Social Sciences факультетінде Special educational foundations and cross-categorical Special Needs Education & Rehabilitation & Psychology мамандығы бойынша бакалаврды, Educational Management мамандығы бойынша магистратураны аяқтайды. Бүгінгі материалда Сымбаттан Германияның оқу жүйесі туралы сұрап, біраз сұхбаттасқан едік. — Бірінші өзің жайлы айтып берсең. Қандай мамандық бойынша білім алдың? — Жамбыл облысының Шу ауданында туып өстiм. О…

5
7
3072

Алматы көшелері: Зейін Шашкин

Шашкин көшесі 1984 жылға дейін Университетская деп аталып келген. Бұл көше Бостандық және Медеу аудандарында орналасқан. Көше Тимирязев көшесінен солтүстіктен оңтүстікке қарай әл-Фараби көшесіне дейін созылып жатыр. Көшенің жалпы ұзындығы 950 м. Прозашы және драматург Зейін Жүнісбекұлы Шашкин 1912 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Бозшакөл ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1920 жылы болашақ жазушы Павлодар қаласында тұратын ағасы Сағынбайдың қолына келіп, сонда орта мектепте білім алады. Мектепті тәмамдағаннан соң Зейін 1930 жылы Мәскеу тарих, философия және филология институтына түсіп, оны 1933 жылы үздік аяқтап шығады. Дәл сол уақыттан бастап жас Зейіннің өлеңдері, қысқа әңгімелері, сыни мақалалары «Әдебиет майданы», «Лениншiл жас», «Социалистiк Қазақстан» сынды…

6
3
6333

Сүйікті тағамдарды бірге дайындаймыз. II бөлім

«Екпін» отандық блогшы, журналистерді жинап алып, сүйікті тағамдары мен олардың жасалу жолдарын, аспаздық құпияларын біліп алды. Материалдың бірінші бөлімін бір апта бұрын жариялағанбыз. Бүгінгі тағамдарды бірге тамашалайық. Эльвира Ергалина, «Айқаракөз» сайтының әкімшісі. Дайындайтын тағамы: «Шурпа» Қажетті ингредиенттер: 6 адамға дайындалатын тағамға сиыр еті мен қабырға, омыртқа сүйектері — 500-800г, пияз — 1 дана, сәбіз — 3-4 дана, картоп — 3-4 дана, болгар бұрышы — 3-4, сарымсақ — 2 бас, қызанақ — 3-4 дана, райхан гүлі — аз ғана, келім дәрі (ащы бұрыш) — 1 дана, дәміне қарай тұз, аскөк, көк пияз. Дайындалуы: Біз дайындайтын тағам «Шурпа» деп аталады. Өзбектердің тағамы. Мұны өзіміз қазақшалап, «Қайнатпа сорпа» деп атап кеткенбіз. Алдымен етті әбден жуып, ірі қылып турап, қазандағы су…

Мұстафа Шоқайдың Әбубәкір Диваев туралы мақаласы

Әбубәкір Диваев Біздің қазақ халқын шын көңілмен жақсы көріп, қолынан келген қадірінше қалам өнерімен қызмет қылғандардың алдыңғы қатарында Әбубәкір Диваевтың аты айтылса керек. Әбубәкір мырза көп жылдар Түркістан генерал-губернаторына тілмаш болып тұрды. Қызмет үстінде қазақтармен таныс болып, тілі бай, сөзге шебер екендігін байқап, бұлардың құр арыздарын тәржімә ете бергенді былай қоя тұрып, ертегі, мақал, нешетүрлі өлеңдерін жинаумен болды. Әдейі бұл жұмыс үшін олай-бұлай шығып жүре алмаса да, өзінің таныс адамдары арқылы халық арасында айтылып жүрген белгілі сөздерді жаздырып алып, орыс тіліне тәржімә етумен болды. Әбубәкір мырзаның қолынан шығып таралған сөздер көп. Мысалы: Ерназар Бекет (Бекет батыр), Шора батыр, Алпамыс батыр... Бұлардан басқа нешетүрлі өлеңдер, жар-жар, беташар, б…

4
1
4628

Сахна сәні: Бақтияр Қожа

Бақтияр Қожа Өзбекстанның Ортақ Шыршық (Ташкент облысы) өңірінде дүниеге келген. Балалық балғын шағын сол өлкеде өткізеді. Өнердегі алғашқы қадамын Қызылорда өңірінде Жаңақорған ауданында көркемөнерпаздар ұжымында бастайды. Өнер қуып Алматыға келген ол М.Әуезов атындағы театрдың актерлік студиясын аяқтаған соң 1980 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамына қабылданды. Дарынды жас осы сахнада ұлттық, орыс және дүниежүзілік драматургия бойынша қойылған спектакльдерде басты рольдер орындай бастады. Бұл ретте, әсіресе, Шекспирдің «Дуалы түнгі думанында» - Оберон, А.Чеховтың «Шағаласында» - Треплев, О.Бөкейдің «Жетім ботасында» - Тасжан, И.Сапарбаевтың «Ауылдан келген аруында» - Қаражан бейнелері театр сыншылары тарапынан жоғары баға алып, көрермен көңілін…

6
4
3826

Корей толқыны мен қазақ жастары

Жаңа жанр Оңтүстік Кореяда сонау 90-шы жылдардың ортасында батыстың электропоп, хип-хоп, заманауи R’n’B сынды музыкалық жанрлардың элементтерін бойына жинаған жаңа музыкалық жанр пайда болды. Әлем бойынша өте белсенді дамып жатқандығына таңқалған пекиндік журналистер бұл кореялық музыкалық жанрды K-pop деп атады. Басында тек музыкалық жанр ретінде пайда болған K-pop көп ұзамай миллиондаған әлем жастары арасында танымалдылыққа ие болып, оңтүстіккореялық сән мен стильге еліктеген жастардың субкультурасына айналып үлгерді. Көпшілікке танымал емес K-pop кореялық IT-индустрияның соңынан ілесе дами отырып, сол кездері жаңадан пайда бола бастаған әлеуметтік желілер, ұялы телефондардың дүниеге келуімен таныла бастаған еді. Сөйтіп интернеттің, жаңа технологиялардың дами түсуі дүние жүзі бойынша K-…

8
9
7661

Сүйікті тағамдарды бірге дайындаймыз. I бөлім. Тағамдар жасау

«Екпін» отандық блогшы, журналистерді жинап алып, сүйікті тағамдары мен олардың жасалу жолдарын, аспаздық құпияларын біліп алды. Бірге тамашалайық. Бағдат, студент «Асшаянмен қуырылған картоп» Негізінен тамақ пісіруді өзім үйренгенмін. Басында үйде ешкім болмай қалған кездері интернеттен жасауға оңай тағамдарды қарап жасап жүретінмін. Ең алғашқы жасаған тамағым қуырылған картоп еді. Кейін жеңешем картопты асшаянмен (креветкамен) дайындаудың тәсілін үйретті. Бұл тағам асшаянды жақсы көретін барлық адамның көңілінен шығады. Өте дәмді, пайдалы, әрі тойымды тамақ. Асты дайындау үшін бізге: — 8 орташа картоп — 250 г. асшаян — 1 пияз — Тұз — Сұйық май Ал енді тамақты дайындау әдісін айтып өтсем. Алдымен пиязды майдалап турап майға саламыз, ол қуырыла бастағанда асшаянды салып, араластырып, 5 ми…

Жомарт Зейнәбіл мен оның кейіпкерлері

Жомарт Зейнәбіл Әтенұлы 1969 жылы 16 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келген. Бала кезден өнерге жақын болған Жомарт 1990 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және көркемсурет институтының актерлық бөліміне түсіп, 1994 жылы тәмамдап шығады. Сол жылы жолдамамен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып қызмет істеп келе жатыр. Зейнәбіл балалар мен жасөспірімдер театрының актері, бүгінде қазақ киносында өз қолтаңбасын қалдырып, жұртшылықтың ыстық ілтипатына бөленіп келе жатқан актер. Оның шығармашылық өмірбаянынан әсіресе театр сахнасында ойнаған рөлдері Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махббат сазы» - Досым, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» - Қосаба жігіт, Э. Де Филиппо «Цилиндр» - Аугустино Мускарельо, О.Иманжонов «10…

3
0
3247