Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Т. Дүйсенова: Ерікті қоныс аудару ҚР-дағы еңбек ресурстарының өңірлік үйлесімсіздігі проблемасын шешуге мүмкіндік береді

2050 жылға қарай оңтүстік өңірлерді таратып қоныстандыру тығыздығы солтүстік өңірмен салыстырғанда 4 есе асады, бұл еңбек ресурстарының өңірлік үйлесімсіздігінің шиеленісуіне әкеледі. Осы проблеманың шешімдерінің бірі азаматтарды өз еркімен қоныс аударуына ынталандыру, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова. «Біздің болжамдар қазіргі демографиялық көші-қон үрдістерін ескере отырып, 2050 жылға қарай өңтүстік өңірлердің тұрғындары 5,2 млн. адамға өсетінін көрсетеді. Оңтүстік өңірлерді таратып қоныстандыру тығыздығы солтүстік өңірден 4 есе асады, бұл еңбек ресурстарының өңірлік үйлесімсіздігінің шиеленісуіне әкеледі. Осы проблеманың шешімдерінің бірі азаматтарды өз еркімен қоныс аударуына ынталандыру болып табылады», - деп мәлімдеді ол 2015 жылғы 30 қарашадағ…

0
0
505

Н. Нығматулин: Заң жобалары барлық қазақстандықтарға түсінікті болуы тиіс

Заң жобалары, атауынан бастап мазмұнына дейін, барлық азаматтарға түсінікті болуы тиіс. Бастысы, заңдар адамдар үшін жазылуы қажет, деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин төменгі палатаның пленарлық отырысында. «Осы заң жобасының атауын өзгертуге болады. Мысалы, оны қылмыстың жекелеген түрлерінен зардап шеккен адамдарға өтемақы төлеу туралы деп атауға болар еді. Заң жобасының мәні Қор емес, зардап шеккен адамдарға өтемақы төлеу. Заң жобалары, атауынан бастап мазмұнына дейін, қарапайым адам оны оқып шығып, не туралы екенін түсінетіндей дайындалуы тиіс. Бастысы, заңдар адамдар үшін жазылуы тиіс», - деді Н. Нығматулин ҚР Қаржы министрі Бахыт Сұлтанов «Зардап шеккендерге өтемақы төлеу қоры туралы» заң жобасын бірінші оқылуында таныстырғаннан кейін. Қаржы министрінің айтуы б…

0
0
249

Қазақстанда қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге өтемақы төленеді

Қазақстанда қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге өтемақы төленеді. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры» заң жобасын таныстыруға арналған жалпы отырыста айтты. «Заң жобасы қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге қаржылық өтемақы төлеудің құқықтық негізін анықтайды. Санаттар Қылмыстық кодекстің 62 бабы бойынша анықталады», - деді ол. «Заң жобасы қаржы өтемақысының мөлшерін анықтайды, бірінші кезеңде ол минималды соманы құрайды, құқыққорғау органдары сәйкес шараларды жүргізген соң бекітіледі. Көрсетілген өтемақы прокуратура органдарының қатысуымен кінәлі адамнан алынады», - деді Б.Сұлтанов. Алда кінәлі адамнан жәбір көрушіге бағытталған қаражатты алу сот арқылы шешіледі. Әрекеттегі тәртіп өзгермейді. «Төлемнің құралы жәбірленгендерге ө…

0
0
577

Б.Байбек Венгрия кәсіпкерлерін Алматының инновация саласына инвестиция салуға шақырды

Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбек пен Еуропа елдер ұлттық экономика министрі Михая Варганың қатысуымен Қазақ-Венгрия бизнес-форумы өтті, деп хабарлады қала әкімдігі. Кездесу барысында Б. Байбек шет елдік қонақтардың назарын болшақ Алматыны дамыту саласына аударды. « Бұл жеке капитал қаласы, мұнда 90% аса банктер кеңесі оналасқан, жалпы өңірлік өнімнің 40 пайызын құрайтын кіші және орта бизнеспен әр бір 6 алматылық айналысады. Қаламыз Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан, біз арыда қаланы көліктік – логистика торабы сияқты дамытуда ниеттіміз »,- деді қала әкімі. Сонымен бірге Б. Байбек Венгрия жағын инновация саласына инвестиция салуға шақырды. «Қазіргі таңда біз қаланың ТКШ, көлік, қауіпсіздік, электр үнемдеу технологиясы мен туризм бағытыда инновацилық ақылды қала болатын «Sm…

0
0
392

Қазақстан мұғалімдері ағылшын тілін халықаралық әдістер бойынша меңгеруде

Үш тұғырлы тіл жүйесін енгізу аясында Білім және ғылым министрлігі Professional Development Centre компаниясымен бірігіп пилоттық режимде химия, биология, физика және информатика мектептерінің 75 ұстазын соңғы халықаралық әдіс бойынша ағылшын тіліне үйретіп жатыр. Бұл туралы Professional Development Centre департаментінің директоры Аида Оразаева Астанада өткен конференция барысында айтты. «Үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру аясында Білім және ғылым министрлігі Professional Development Centre компаниясымен бірігіп пилоттық режимде химия, биология, физика және информатика мектептерінің 75 ұстазын соңғы халықаралық әдіс бойынша ағылшын тіліне үйретіп жатыр», - деді А.Оразаева. Оның айтуынша, компания тілдік және кәсіптік біліктілікті арттыру үшін оқыту – әдістемелік бағдарламаны ұстаздарға…

0
0
617

ҚР-дағы Канада елшісі Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жылындағы қарқынды дамуын атап өтті

ҚР-дағы Канаданың Төтенше және Өкілетті елшісі Шон Перри Стайл Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылындағы қарқынды дамуын атап өтті. «Канада жас мемлекет болып есептеледі, келесі жылы бізге 150 жыл толады. Сондықтан Қазақстан өте жас ел, оған небәрі 25 жыл. Мен елдің дамуына аса көңіл бөлемін, қазақстандықтардың мақсаттылығы мен еңбекқорлығын атап өтуге болады. Бұл шексіз әлеуеттің белгісі. Мен кәсіпкерлер мен мемлекеттік секторға, студенттерге сәттілік тілеймін. Олар болшақта Канаданы тұрақты серіктес ретінде қарайтынына сенемін», - деді Ш.Стайл. Дипломат сондай-ақ, Канаданың ЭКСпО-2017 көрмесіне қатысатындығын айтты. «Бізде ұлттық павильон болмаса да өз деңгейімізде өнер көрсетеміз. Канадалық «Cameco Corporation» тау-кен өндіру компаниясы ядролық энергет…

0
0
573

2018 жылы мемлекеттік қызметкерлер жалақаны жаңа жүйе бойынша алады

2018 жылы ҚР Мемлекеттік қызметкерлері жалақаны жаңа жүйе бойынша алады. Бұл туралы Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында ҚР мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова айтты. «2018 жылы еңбек ақысын төлеу әдісінің бірі факторлық-ұпайлық шкала болады. Әрекеттегі тарифтік тордан факторлық-ұпайлық шкала төлем жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді Айгүл Шаимова. Оның айтуынша, шкаланы қалыптастыру 2017 жылдың ортасына қарай аяқталады. Жұмыстың қорытындысы бойынша жауапкершілікті көтеру бойынша әрбір мемлекеттік қызметкердің қызметін бағалау жүйесі енгізілді. Мәселен, «А» корпусының қызметкерлерін бағалау жыл сайынғы келісімді жүзеге асыруға негізделген. Биылғы жылдың желтоқсанында корпусанттарды алғаш рет бақылау өтеді.…

1
0
1343

Азаматтарға арналған үкімет мемқызметтің жаңа 53 түрін көрсетуді жоспарлауда

2016 жылдың соңына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсету 60 пайыздан кем болмауы керек, қызметтерді тағы 53 түрмен толықтыруды Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев ведомствоның жауапты департаментіне тапсырды. «Бүгін бізде мемқызметті алудың 3 арнасы бар: «Электрондық үкімет» порталы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; мемлекеттік қызмет көрсету туралы бірыңғай байланыс орталығы. 2016 жылдың 9 айында 30 млн электрондық қызмет көрсетілді, 17,4 мың электрондық рұқсат берілді, 433,5 мың рұқсат беру құжаттары беріліп, 800 мың адам тіркелді», - деді Д.Абаев. Министр айтып өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 4 мемлекеттік кәсіпорынды біріктіру арқылы, ХҚКО, жылжымайтын мүлік орталығы, зейнет…

0
0
399

Әділет министрлігі әзірлеген заң жобалары бойынша ашық талқылау

Әділет министрлігі өзі әзірлеген заң жобалары бойынша ашық талқылау өткізді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты азаматтар мен бизнес өкілдерінің мүдделерін қорғайтын заң жобаларын түсіндіру болып табылды. Айталық, меншік құқығын қорғау, даулы мәселелерді реттеу мен әкімшілік реттеуді дауласу қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң жобасы талқыланды, ол азаматтар мен ұйымдарға әкімшілік шешімдерді қабылдау процессінде үлкен өкілеттік береді, олардың ой-пікірі міндетті түрде ескеріледі, оларға қажетті рәсімдер үшін материалдармен тансысу мүмкіндігін бере отырып, міндетті түрде тыңдалатын болады. Әкімшілік шешімдерді сотқа дейін жоғары тұрған органға немесе өзге уәкілетті органға шағым берудің заң жоба бойынша мүмкіндіктері мен артықшылықтары уәкіл…

0
0
414

2017 жылдың соңына қарай 4G стандартындағы мобильдік байланыс Қазақстанның барлық аудан орталықтарында қолжетімді болады

Қазақстанда 2017 жылдың соңына қарай 4G стандартындағы мобильдік байланыс елдің барлық аудан орталықтарында қолжетімді болады. Бұл жөнінде ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2016 жылғы 9 ай ішіндегі жұмысты қорытындылауға арналған министрліктің алқа отырысында айтты. «Телекоммуникацияны дамытудың басты басымдылықтарының бірі интернетке кеңінен қолжетімділік болып табылады. Бүгінгі таңда интернетке халықтың 73 пайызы қосылып отыр, бұл көрсеткіш Қазақстанның Дүниежүзілік Экономикалық форумының бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі бойынша 41-ші орынға шығуына себепші болды. 10 мың және одан артық халқы бар елді мекендерде 3G мобильдік байланысы бар. 50 мың немесе одан көп аймақтарда 4G стандарты енгізілді. 2017 жылдың соңына қарай 4G стандартындағы мобильдік байланыс…

0
0
421