Қарағандыда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды
Қарағандыда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды.Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Қарағанды облысына барған жұмыс сапары кезінде мәлімдеді. Мұхтар Құл-Мұхаммед облыстағы жетекші кәсіпорындардың бірі – «Имсталькон» металлконструкция зауытында болды. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары зауыт жұмысшыларымен кездесуінде мемлекеттік индустриалдық бағдарламалар аясында соңғы бес жылда өңірде 174 миллиард теңгенің 72 жобасы жүзеге асқанын айтты. Соның арқасында 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Индустрияландырудың екінші бесжылдығында 1 триллион 200 миллиард теңгенің 36 жобасын іске қосу жоспарланған. Бұл 6 жарым мыңнан астам жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. «Сарыарқаның қақ төрінде орналасқан Қар…