Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайының ашылғанына 10 жыл толды

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайы өзінің бірінші мерейтойын тойлайды. Оның ашылғанына 10 жыл болды.Ғимарат Қазақстандағы достықтың, бірлік пен бейбітшіліктің белгісі. Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы хабарлағандай, ерекше конструкциясы үшін «Пирамида» деп аталып кеткен ғимарат осы жылдар ішінде елордамыздың көрікті орындарының біріне айналды. Бейбітшілік және келісім сарайын құру идеясы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Мемлекет басшысы оны 2003 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндердің тұңғыш съезінде таныстырған болатын. Сөйтіп, діндер басшыларының екінші съезі Пирамидада өткізілді. Сарайдың ашылу салтанатында әлемдік опера әншісі Монсеррат Кабалье сахнада өнер көрсетті. Пирамидада конфессияаралық форум өткізілді, олардың ж…

0
0
1354

Сенаторлар азаматтық қорғау туралы заңнаманы іске асыру мәселелерін қарады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Алматыда өткен көшпелі отырыста «Азаматтық қорғау туралы» заңды іске асыру мәселесі қаралды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 2014 жылғы 11 сәуірде қабылданған «Азаматтық қорғау туралы» заң төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл саласындағы бұрын қолданылған алты заңнамалық актінің ережелерін біріктірді және жүйеледі. Бұл заңмен облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы төтенше жағдай жөніндегі департаменттердің төтенше жағдайлардың алғышарттары мен тууы туралы жеке және заңды тұлғалардан хабарларды қабылдау және пысықтау үшін кезекші-диспечерлік бірыңғай қызметтерінің мәртебесін, құқықтары мен міндеттері бекітілді. Ішкі істер министр…

0
0
420

ҚР заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша түзетулер Мәжіліске 2017 жылы енгізіледі

Министрлік 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР Парламентінің Мәжілісіне «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2016 жылғы 9 ай ішіндегі жұмысты қорытындылауға арналған министрліктің алқа отырысында айтты. «Министрлік «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуде. Тұжырымдаманы біз жалпыға ортақ талқылауға қойдық, сәйкесінше, заң жобасы барлық қажетті рәсімдерден өтеді. Оң пікірлер де және сол сияқты сыни пікірлер де ескерілетін болады. Қазіргі уақытта біз мемлекеттік органдардың, депутаттық корпустың, а…

0
0
283

Парижде Алматының 1000 жылдығын кеңінен атап өтті

Парижде ЮНЕСКО штаб пәтерінде Алматы қаласының 1000 жылдығын кеңінен атап өтті. Францияның астанасында қазақ халқының тарихынан сыр шертетін ғасырлық бұйымдар мен бірегей артефактар қойылған көрме өтті, деп хабарлады қала әкімдігі. Атаулы салтанатты шараны музыкалық сүйемелдеумен «Сазген сазы» фольклорлық- этнографиялық ансамбль және қазақстандық орндаушылары келді. Тарихи сәтке Алматы қаласының басшысы Б.Байбектің қатысты. "Біз Алматы қаласының мың жылдығын мына дәл Париждің ортасында, жүрегінде өткізіп, жалпы біздің мәдениетімізді, дәстүрімізді, тілімізді, мәдениетімізді дүниежүзіге паш етейік,- деп жатырмыз. Сондықтан, бүгінгі көңіл-күй өте жақсы. Басқа елдердің ЮНЕСКО-дағы елшілері келіп жатыр. Көптеген қонақтар, енді өзіміздің дәстүрімізді тағы бір рет көрсететінімізге өте қуаныштымы…

0
0
386

Астанада құтқару техникасының көрмесі ашылды

Астанада Құтқарушылар күніне орай Қазақстанның құтқару қызметі мүмкіндіктерінің көрмесі өтті, көрермендер үлкен өрт машиналарымен және оңтайлы қар кешкіштермен қатар жаңа суасты аквалангілерін де бағалап, құтқарушы иттермен танысты. Астанада Құтқарушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Сахнада ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрі өнер көрсетті, сондай-ақ ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин ТЖ комитетінің ардагерлері мен еңбегі сіңген қызметкерлеріне құрмет наградаларын табыстады. «Жүйе жалпы құрылғаннан бері материалдық-техникалық жарақтандырылуы, функционалдық міндеттері тұрғысынан өзгерістерге ұшырады. 300 мыңнан астам құтқарылып, эвакуацияланды, 35 мыңнан астам адамға дәрігерге дейінгі бірінші кәсіптік көмек және дәрігерлік көмек көрсетілді. Бұл бүгінгі таңда…

0
0
571

ЕАЭО елдері көлік саласындағы білім алу аясы кеңістігін кеңейтуге мүдделі

Көлік жүйесіндегі білім беру саласында Қазақстанның транзиттік экспорттық әлеуетін халықаралық көлік жүйесіне сәйкестендіріп, жүзеге асыратын мамандар даярлау күн тәртібінде тұр, деп хабарлады «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. Осыған орай М. Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында (ҚазККА) өткізілген дөңгелек үстел отырысында ЕЭО аясында көлік саласындағы білім алу жүйесіндегі мүмкіндіктерді біріктіру жайы талқыланды. Ұлыбритания Логистика және көлік корольдік институтының халықаралық серіктестік департаментінің директоры Джон Харристің айтуынша, «ЕЭО аясында білім жүйесін сәйкестендіру қажет». Д. Харрис бірлескен білім миссиясының нәтиже бергендігін атап өтті. ҚазККА CILT бағдарламасы бойынша біліктілігін көтеру курсына тіркеуден өткен. Қазіргі кезде Коро…

0
0
449

Қазақстанда egov көмегімен жыл сайын 1 трлн доллар үнемдеуге болады

Қазақстанда электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кеңейте отырып, жыл сайын 1 трлн доллардан астам қаражат үнемдеуге болады. Бұл жөнінде «Цифрлық экономика дәуіріндегі үкіметтің өзгеруі» дөңгелек үстелінің қорытындылары бойынша Орталық және Шығыс Еуропа (SAP) өңіріндегі мемлекеттік сектор бойынша бас менеджер Наталья Панина айтты. Сарапшының айтуы бойынша, Қазақстанда мұндай бастаманы іске асыру үшін негіз бар. «Сіздерде мемлекет азаматтар үшін үлкен жұмыс жасап жатыр. Мысалы, Австралияда салық декларациялары алдын ала толтырылған, олар кәсіпкерлерге, бизнеске, азаматтарға жіберіледі. Ақпаратты ғана түзету қалады. Осының арқасында мемлекеттік бюджетке ақша қайтару әлеуеті анағұрлым анық бола бастайды. Қайтару сомаларын жоспарлаған оңай, төлем мерзімі қысқа болады», - деді Н. Па…

0
0
244

«ЖҚЖК-2020» аясында мемлекеттік қолдауға 744 мың адам ие болды

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жұмыс істегелі 744 мың адам мемлекеттік қолдауға ие болды, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2015 жылдың 30 қарашасындағы ҚР Президенті Жолдауы төңірегінде Жұмыспен қамту картасы бойынша жүргізіліп жатқан шараларға арналған дөңгелек үстел барысында. «Бүгінгі бағдарлама халықаралық еңбек ұйымы мен ЭЫДҰ және ТМД елдерінің есебімен әзірленді. Бағдарлама жүзеге асырылғалы бері, 2011 жылдан бастап жұмыспен қамту көрсеткіші жақсарып келеді. 2011-2013 жылдары жұмыспен қамтылғандар саны 6,3 пайызға өсіп, 17 пайызды құрады", - деді ол. Оның айтуынша, елдегі жұмыссыздардың қатары 9 пайызға төмендеді, бұл көптеген адамдардың ашық жұмыс орнына шақырылғанын көрсетеді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы…

0
0
323

Н. Ермекбаев: Қазақстандағы талантты жастар «Дарын» сыйлығымен марапатталады

Қазақстандағы талантты жастар «Дарын» сыйлығымен марапатталады. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Биылғы жылы мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы жалпыұлттық деңгейді қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Республикалық жастар форумы өтеді. Сондай-ақ, талантты жастарды қолдау аясында Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Дарын» Мемлекеттік сыйлығы беріледі. Қазақстанда мемлекеттік жастар саясаты тиімді жүзеге асырылып жатыр. 2015 жылы 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты түсінігінің алғашқы кезеңі сәтті аяқталды, оның негізгі мақсаты жастар саясатын институционалды түрде нығайту болатын. Министр айтып өткендей, өңірлерде жастар саясатын дамыту бойынша…

0
0
336

Ақтөбе облысының 8,6 мыңнан астам тұрғыны медициналық тексеріспен қамтылды - ДСӘДМ

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Әлеуметтік проблемаларды шешу» Республикалық акциясының аясында Ақтөбе облысы Алға, Қандыағаш, Шалқар аудандарының тұрғындарына 8,6 мыңнан астам медициналық тексеру жасалды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Оның ішінде 3312 адам Астана және Алматы қалаларының ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттары мамандарының кеңесін алды. Медициналық тексеру нәтижесі бойынша 117 пациент (24 бала) мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін республикалық орталықтарға жіберілді. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма басшысы, ҚР ДСӘДМ штаттан тыс бас нейрохирургі Серік Ақшолақов Шалқар ауданының инсульт және ауыр түрдегі бас сүйек-ми жабық жарақатын алған…

0
0
378