Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Б.Майлыбаев: Қазақстан 25 жылда жаңа ұлттық экономиканы құрды

Қазақстан Президенттің төрағалығымен жаңа ұлттық экономиканы құрды, деді ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Бағлан Майлыбаев. «Ширек ғасырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан жетістікке жетер жолда ауыр жол кешіп өтті. Қазақстан халықты бірыңғай платформада біріктіретін дұрыс жолды тапты. Бұл - бірлік, тұрақтылық. Президент атап өткендей, «Қазақстан-2050» Стратегиясы жолында бұл басты бағыт. Президенттің саясаты барлығына түсінікті әрі негізгі адамзаттық сұранысқа жауап береді: отбасындағы жайлылық, балалардың білімі мен денсаулық, баспана, қауіпсіздік пен перспектива», - деді Б.Майлыбаев саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың форумында. Ол айтып өткендей, Қазақстан Президенттің төрағалығымен жаһандық сауда-экономикалық байланыстың бөлігі ретінде жаңа ұлттық эконом…

0
0
348

Каирде Абай ескерткіші ашылды

Мысыр Араб Республикасының астанасында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, мүсін Каирдің ең әдемі орталық саябақтарының бірі – «Еркіндік және достық» саябағында орнатылған. Салтанатты рәсімде Қазақстанның Мысырдағы Елшісі әрі осы идеяның бастамашысы болған Берік Арын, Каир губернаторының орынбасары Мұхаммед Айман, сондай-ақ осы жобаның демеушісі және мүсіннің авторы сөз сөйледі. Елші өз сөзінде Абайдың қазақ және әлемдік әдебиетке қосқан үлесіне тоқтала келіп, оның 150 жылдық мерейтойына орай ЮНЕСКО халықаралық ұйымының 1995 жылды «Әлемдегі Абай жылы» деп жариялауы ақын таланты мен еңбегінің әлемдік деңгейде мойындалуының нақты айғағы екендігін атап өтті. Қазақстанның Тәуелсіз…

0
0
799

Б.Майлыбаев: Елдің әлеуметтік саласын дамыту дамыған елдердің қатарына енуге септігін тигізеді

Елдің әлеуметтік саласын дамыту Қазақстанның дамыған елдердің қатарына енуіне әсер етеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Б.Майлыбаев Астанадағы «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздікке 25 жыл. Нәтижелер мен перспективалар» атты саясаттанушылардың xалықаралық форумы барысында. «Біздің ел үшін мақтануға тұрарлық факторлардың бірі - елорда, күн сайын өсіп келе жатқан жаңа қала ел өңірлері мен шет елдерден қонақтарды қабылдап отыр. Бүгінде ел ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындалып жатыр. Оңтайлы нәтижелер әрбір облыста байқалып отыр», - деді Б.Майлыбаев. Сондай-ақ, ол әлеуметтік саладағы түбегейлі өзгерістер туралы айтып өтті. «Тәуелсіздіктің 25 жылында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру саласында бірқатар өзгерістер орын алды. Білім бе…

0
0
363

Хирургияның қазіргі заманғы әдістері пациенттердің өмірін ұзартуға мүмкіндік береді - Баймаханов

Алматы қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан хирургия қызметінің жетістіктері мен даму перспективалары» атты халықаралық конференция өтуде. Оның барысында трансплантологияның өзекті мәселелері, шұғыл хирургиялық көмек көрсетудің заманауи тәсілдері, интервенциялы кардиологиядағы, аритмологиядағы, ангиохирургиядағы жаңа бағыттар қарастырылады. ҚР ДСӘДМ А.Н. Сызғанов атындағы хирургияның ұлттық ғылыми орталығы (әрі қарай - ХҰҒО) ұйымдастырған шараға 500-ден астам отандық дәрігерлер мен алыс-жақын шетелдің 20 елінен келген 50 жетекші мамандар қатысады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағанда, шара барысында ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың атын…

0
0
935

Бразилияда Қазақстанға Дүниежүзілік тау-кен конгресінің эстафетасы табысталады

Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 24-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі шеңберінде 2018 жылы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу құқығы эстафетасының Қазақстанға салтанатты түрде табысталуы өтеді. 2016 жылғы 18-21 қазан аралығында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) XXIV World Mining Congress & Expo 2016 (WMC) 24-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі және тау-кен өнеркәсібіне арналған жабдық пен технологиялардың мамандандырылған көрмесі өтеді. Оқиғаға әлемнен 4500-ден астам маман қатысады. Оқиға шеңберінде 21 қазанда Қазақстанға 2018 жылы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу құқығы эстафетасының салтанатты түрде табысталуы өтеді. Қазақстандық делегацияның құрамына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының, сондай-ақ ірі бейінді ТМК компанияларының өкілдері…

0
0
313

Әлемнің 30 мемлекетінің өкілдері Астанадағы кітап көрмесінде бас қосады

9-12 қараша аралығында өтетін «Eurasian Book Fair – 2016» Еуразия халықаралық көрме-жәрмеңкесі ТМД, Еуропа және Азияның 30-дан астам мемлекеті өкілдерінің басын қосады. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде өткен шараны ұйымдастырушы комитеттің отырысында Астана тарихындағы ең ірі кітап көрмесіне дайындық барысы талқыланды. Еуразия кеңістігіндегі ең ірі мәдени-ағартушылық шара болып табылатын «Eurasian Book Fair – 2016» Еуразия халықаралық көрме-жәрмеңкесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін көрменің ұйымдастырушысы – «Фолиант» баспасы. Іс-шара ірі ағартушылық алаңда ТМД, Еуропа мен Азия мемлекеттерінің баспа, кітап саудасы, ғылыми-ағартушылық және полиграфия ком…

0
0
432

СҚО-да жыл басынан бері 2 мыңнан астам маман БЖК бағдарламасының қатысушылары атанды

СҚО-да жыл басынан бері 2 мыңнан астам маман БЖК бағдарламасының қатысушылары атанды. Бұл туралы Петропавл қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы аясында «Тәуелсiздiктiң жас жұлдыздары» атты өңiрлiк жастар форумында мәлім болды. «Жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру, оларды жұмыспен қамту, саламатты өмiр салтын ұстану, талантты жастарды қолдау мемлекеттiк жастар саясатының басты басымдықтары саналады. Сiздерге аға буынның iзiн жалғастыру, бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру, ХХI ғасырда Қазақстанның өркендеуi мен әлемге танылуын қамтамасыз ету мiндетi жүктелiп отыр», — деп атап өттi өңiр басшысы. Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов өз сөзiнде жастарға сапалы бiлiм беру мен жұмыспен қамтудың мемлекеттiк бағдарламаларының сәттi жүзеге асырылуын, сондай-ақ…

0
0
448

Сенат ЖОО сапасын жұмысқа орналастырылған түлектердің саны бойынша бағалауды ұсынады

Түлектерді іс жүзінде жұмысқа орналастыру көрсеткіші Қазақстандағы ЖОО жұмысын бағалау критерийлерінің бірі болуы тиіс, деді ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыспен қамтудың жол картасын құқықтық қамтамасыз ету тақырыбына өткен дөңгелек үстел барысында. Қасым-Жомарт Тоқаев «2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президентінің жолдауы тұрғысынан жұмыспен қамтудың жол картасын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» тақырыбына өткен дөңгелек үстел барысында жұмысқа орналастырылмаған қазақстандықтардың жалпы санының 38%-ын құрайтын жастардың жұмыссыздығы проблемасына назар аударды. «Әсіресе бұл жұмыс тәжірибесі мен тиісті дағдыларының болмауына байланысты, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі анағұрлым аз ЖОО түлектеріне қатысты. Бұл жерде білім беру жүйесінің еңбек на…

0
0
353

2016 жылы ауылдағы шағын несиелендіру үшін бөлек 10 млрд. теңге бөлінген

Осы жылы ДСӘДМ ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігуге ынталандыру үшін шағын несиелендіру көлемін 6 млн. теңгеге дейін ұлғайтты, осылайша, осы мақсаттарға ағымдағы жылы бөлек 10 млрд. теңге бөлінді, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президентінің Жолдауы тұрғысынан «Жұмыспен қамтудың жол картасын» құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы дөңгелек үстел отырысы барысында. «5 жыл ішінде 41 600 адам шағын несиелер алған, соның ішінде 27 200 адам алғаш рет кәсіпкер болған. Осы жылға дейін шағын несиелендіру арқылы біз ауыл тұрғындарына өздерінің жаңа шағын бизнесін бастауға мүмкіндік бердік. Жалпы, ағымдағы жылы біз 9 мыңнан астам шағын несие беруді жоспарлап отырмыз, оларды алушылар ауылды жерлерде 12 мыңға жуық қо…

0
0
376

Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына елдің биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелерін баяндады

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына елдің биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері және басты мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті қазіргі уақытта жүзеге асып жатқан барлық бастаманы келесі жылы одан әрі тиімді жалғастыру үшін қажетті негіз қалыптасқанын атап өтті. «Біріншіден, бюджетке тиісті өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, барлық қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Атап айтқанда, республиканың қарқынды индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету және тиімді көлік-логистика инфрақұрылымын қалыптастыруды көздейтін «Нұрлы жол» даму бағдарламасы аясында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін ш…

0
0
350