Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан – әлем бойынша ірі уран өндіруші – Қазақстан Республикасындағы Германия елшісі

Қазақстан – ресурсқа бай ел, әлем бойынша ірі уран өндірушілердің бірі, деді ҚР-дағы Германияның Төтенше және Өкілетті елшісі Гидо Херц қазақ-неміс энергетикалық форумы аясында.

«Германияда 60 пайыз алғашқы энергия соңғы нүктеге жеткенше дейін таусылып бітеді. Меніңше, бұл үлес Қазақстанда одан да үлкен қазақстандық өнеркәсіпте 2020 жылға дейін жыл сайын энергия қолдануды 10 пайызға қысқартуға болады. Германия Қазақстанды саяси тұрғыда қолдауға әзір», - деді Г.Херц.

Оның айтуынша, Қазақстан ресурстарға бай ел.

«Қазақстан тек мұнайға ғана емес, сондай-ақ, өзге энергеия көздеріне де бай. Ол әлем бойынша ірі уран өндірушілердің бірі. Оның қоры 300 жылға дейін жетеді. Сондықтан балмалы энергия көздері дәстүрлі энергия көздерімен қатар экономикалық балама ретінде қарастырылады», - деді ол.

Сонымен қатар, тағы бір айта кететін жаналық, Қазақстан мен Германия энергетика саласында стратегиялық ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды

Астанадағы қазақстан-неміс энергетикалық форумында ҚР инвестициялар мен даму министрлігі вице-министр Альберт Рау тұлғасында Dena неместің энергетикалық агенттігімен директор Ульрих Бентербуш тұлғасында энергияны үнемдеу және энерготиімділікті арттыру саласында ынтымақтастық бойынша Меморандумға қол қойды.

«Қазақстан Президенті атап көрсеткен 100 қадамның бірі  энергисервистік компаниялардың нарығына стартегиялық серіктесті табу. Аталмыш меморандумға қол қоя отырып біз стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейін анықтаймыз»,  деді А. Рау.

Вице-министр атап өткендей, елімізді энергияны көбіне өндіріс ошақтары тұтынады.

«Олар біздің базалық салаларымыз: көлік, тау-кен металлургия, химия, мұнайхимия. Бұл дегеніңіз белгілі бір кәсіпорында жаңғырту дегенді емес, жалпы күллі технологиялық процесті жаңғырту керек екенін білдіреді»,  деп атап өтті А. Рау.

«Қазіргі таңда энергия үнемдеу және энерготиімділікті көтеру саясаты ҚР-да индустриялды-инновациялық даму бағытының бірі болып саналады. Сондай-ақ, елдің бәсекеге қабілеттілігі мен технологиялық жаңғырту, өнеркәсіп және тұрғын үй коммуналдық саласын көтеруге бағытталған. Энергияны үнемдеу мен энерготиімділікті көтеру стратегиялық тапсырмаларға қатысты. Елбасы 2020 жылға дейінгі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында  жалпы ішкі өнім энергия сиымдылығын 25 пайызға жеткізуді, ал 2050 жылға қарсы 50 пайызға жеткізу міндетін қойды», - деді А.Рау.

Сонымен, форум барысында атап өтілгендей, өзара түсіністік туралы меморандум энергияны үнемдеу және энерготиімділікті арттыру мәселелері бойынша екі жақты ынтымақткастықты кеңейту мен стратегиялық серіктестікке бағытталған.

Ақпарат көзі

 

0
0
341

Осы тақырып бойынша

Қазақстан – әлем бойынша ірі уран өндіруші – Қазақстан Республикасындағы Германия елшісі - Yvision.kz