Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

А. Рау: 2010-2014 жылдары Қазақстанның энергия жұмсауы 18,6 пайызға төмендеді

2010-2014 жылдары Қазақстанның энергия жұмсауы 18,6 пайызға төмендеді, деді ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау Қазақстан-Неміс энергетикалық форумында.

«Қазіргі таңда энергия үнемдеу және энерготиімділікті көтеру саясаты ҚР-да индустриялды-инновациялық даму бағытының бірі болып саналады. Сондай-ақ, елдің бәсекеге қабілеттілігі мен технологиялық жаңғырту, өнеркәсіп және тұрғын үй коммуналдық саласын көтеруге бағытталған. Энергияны үнемдеу мен энерготиімділікті көтеру стратегиялық тапсырмаларға қатысты. Елбасы 2020 жылға дейінгі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында  жалпы ішкі өнім энергия сиымдылығын 25 пайызға жеткізуді, ал 2050 жылға қарсы 50 пайызға жеткізу міндетін қойды», - деді А.Рау.

Оның айтуынша, 2010 және 2014 жылдарға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін энергия үнемдеу саясатын жүзеге асыру және оны қалыптастыру бойынша жүйелік жұмыс жүргізілді.

«Бұл орайда заң, нормативтік база  қабылданды, мемлекеттік бақылау қамтамасыз етілді. Мемлекеттік-энергетикалық реестр қалыптасып, өңірлік бағдарламалар іске қосылды. Аталмыш шаралар dena,  неміс энергетикалық агенттігімен бірлесе жасалды, қазір ол біздің негізгі серіктес. 2010-2014 жылдары елдің энергосиымдылығы 18,6 пайызға төмендеді, бұл экономика  құрылымының өзгергенін байқатады», - деді А.Рау.

Сонымен қатар, осы форумда Қазақстан мен Германия энергетика саласында стратегиялық ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды

«Қазақстан Президенті атап көрсеткен 100 қадамның бірі  энергисервистік компаниялардың нарығына стартегиялық серіктесті табу. Аталмыш меморандумға қол қоя отырып біз стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейін анықтаймыз»,  деді А. Рау.

Вице-министр атап өткендей, елімізді энергияны көбіне өндіріс ошақтары тұтынады.

«Олар біздің базалық салаларымыз: көлік, тау-кен металлургия, химия, мұнайхимия. Бұл дегеніңіз белгілі бір кәсіпорында жаңғырту дегенді емес, жалпы күллі технологиялық процесті жаңғырту керек екенін білдіреді»,  деп атап өтті А. Рау.

Сонымен, форум барысында атап өтілгендей, өзара түсіністік туралы меморандум энергияны үнемдеу және энерготиімділікті арттыру мәселелері бойынша екі жақты ынтымақткастықты кеңейту мен стратегиялық серіктестікке бағытталған.

Ақпарат көзі

 

0
0
341

Осы тақырып бойынша

А. Рау: 2010-2014 жылдары Қазақстанның энергия жұмсауы 18,6 пайызға төмендеді - Yvision.kz