Шағын кәсіпкерлікті жан-жақты ойластыра отырып, белсенді дамыту керек – Қостанай облысының әкімі
Қостанай облысында шағын және орта бизнесті дамыту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала мен бюджетті қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі Хабарламадан мәлім болғанындай, биылғы жылдан бастап, әлемдік нарықтағы бағалардың құлдырауына орай, тау-кен өнімдеріне деген сұраныс та төмендеді. Өз кезегінде ол экспорттаушы-кәсіпорындардың тауарларының көлемін азайтты. «ССГПО» акционерлік қоғамының өнімдерінің өсімі 2014 жылдың деңгейімен салыстырғанда 57,6 пайыз болды, «Варваринское»-65,4 пайыз болды, ал «Қостанай минералдары» АҚ – 91,2 пайызға құлдырады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, өнеркәсіптің барлық салаларының нақты көлем индексі 92,9 пайызды құрады. Инвестициялар және даму министрлігімен және ERG-мен бірге…