А.Мұхамедиұлы: Қазақстанда музей жұмысын жаңғырту күтілуде
Жұмыстың бөлек бағыты ел музейлерінің форматын жаңғырту болып табылады, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы ОКҚ қызметінің брифингінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Жұмыстың жеке бағыты елдегі музейлер жұмысын жаңғырту болып табылады. ҚР Ұлттық музейінде ҚХА залын ашу жоспарлануда. Қазақстанның Музейлері ғылыми мекемелермен ынтымақтасудың мықты орталығына айналуы қажет. Кітапханалар мен мұрағаттар, кең насихаттауды әлемдік - Лувр, Ватикан, Эрмитаж сынды музейлердің тәжірибесімен жүзеге асыруды қолға алу қажет», - деді А.Мұхамедиұлы.
Оның айтуынша, ғылыми-зерттеу жұмысы келесі тізім бойынша орындалады, олар: тарих, археология, реставрация, өнертану, мәдени-оқыту шаралары, кәдесвыйлық индустриялық қызмет.
«Сондай-ақ, Мәдени саясаттың тұжырымдамасы мәдени саладағы менеджмент қызметін жаңғыртуды білдіреді. Елдің жетекші музейлері мен кітапханалары, мұрағаттары болашақта ұйымдастырушылық – құқықтық пішінді өзгертеді, экономикалық белсенділікті арттыру мақсатында мемлекеттік мекемелерден қазынашылыққа көшеді»,- деді министр.
Сонымен қатар, айта кететін тағы бір жаңалық, ҚР Ұлттық музейінде «Ұлылармен сұхбат» көрмесі ашылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Әлемдік мәдениет және заманауи өнер» жобасы аясында «Ұлылармен сұхбат» көрмесі ашылады, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметі.
Көрмеге «Parallel Worlds» шығармашылық тобына біріккен ХХ-ғасырдың 70-80 жылдарындағы петербургтық және мәскеулік кескіндеме мектебінің көрнекті өкілдері Латиф Казбеков, Александр Кондуров, Люся Кондурова, Валерий Лукка, Вячеслав Михайлов, Надежда Николаева, Алексей Талащук, Олег Яхнин, Дмитрий Каминкер, Леонид Колибаба, Ольга Булгакова, Сергей Гета, Дмитрий Иконников, Ольга Гречина, Юрий Миронов, Иван Лубенников, Александр Ситников, Татьяна Назаренколардың 90-нан астам туындылары қойылады.
«Ұлылармен сұхбат» көрмесі архаикадан бүгінгі күнге дейінгі ежелгі дәуірлердегі «көркем мәтіндерге» шығармашылық өңдеу негізінде жасалған көркем туындыларды ұсынады.
Көрме ресейлік бизнесмен әрі меценат Юрий Саулиди жетекшілік ететін «Петербургтің ерікті суретшілері» әлеуметтік-баспа жобасының қолдауымен ұйымдастырылуда. Жобаның басты міндеттерінің бірі ХХ-ғасырдың 70-80 жылдарындағы ресейлік суретшілердің шығармашылық мұраларын сақтау, әрі олардың шығармаларын Ресей мен шетелдерге таныстыру болып табылады.
