Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Қазақстан Республикасы бірыңғай сот тәжірибесін жүзеге асыру сот кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді-Е.Әбдіқадыров

Қазақстанда бірыңғай сот тәжірибесін жүзеге асыру сот кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, деді Жоғарғы соттың Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров Жоғарғы сотта еліміздің соттарының 2015 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген мәжілісі барысында. «Қадағалау алқасы бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру оны жетілдіру бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл өте маңызды, өйткені оны жүзеге асыру сот кемшіліктерін жоюға және оларды болашақта болдырмауға мүмкіндік береді, сотта істерді қарау кезінде заңды құқықтарды қалпына келтіріп, мүдделерді қорғайды»,-деді Е.Әбдіқадыров. Оның сөзінше, заңсыз сот актілерін шығарудың басты себептерінің бірі сот өкілдері тарапынан материалдық және процессуалдық нормаларды д…

0
0
275

ҚР ІІМ 2015 жылдың бірінші жартысы бойынша жедел қызмет көрсету жұмысын қорытындылады

Алматыда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен Ішкі Істер Министрлігінің алқа отырысы болып өтті, онда ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы талқыланды және алда тұрған кезеңге негізгі міндеттер белгіленді, деп хабарлады ведомство. Кеңесте жыл басынан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерінің жаңа нормаларын қолдану практикасының жай-күйі қаралды. Алқа мүшелері Төтенше жағдайлар комитеті қызметінің басым бағыттары және оның аумақтық бөліністерінің ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылы талқыланды. Алқада профилактикалық жұмысты жетілдіру, әкімшілік полицияның қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің сапасын арттыру және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы…

0
0
423

Пол Тэйлор: Смитсон институты Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайын

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында (ҚазҒЗМИ) Смитсон институты (Вашингтон, АҚШ) Ұлттық музейі Азия мәдениетін зерттеу бағдарламасының басшысы, доктор Пол Майкл Тэйлордың «Музей, тарихи объектілер және мәдени орталықтардың жетілдірілген менеджменті" тақырыбындағы семинары өтті, деп хабарлады ведомство. Семинар шеңберінде ҚазҒЗМИ бас директоры Андрей Хазбулатов және доктор Пол Тэйлор екі мемлекет ғылыми мекемелерінің арасында мәдениетті зерттеу саласында тәжірибе алмасу жоспарланып жатқандығын хабарлады. Сонымен қатар тараптар ғылыми жобаларға қолдау көрсетуге ниет білдіріп, бұл ынтымақтастыққа бастау салынғандығын айтып кетті. «Смитсон институты Қазақстанмен ғылыми және мәдени жобаларда ынтымақтастыққа дайын. Нақты айтқанда, біз «Қазақстан мәде…

0
0
430

Қостанай облысында қазақы ақбас және әулиекөл тұқымдас асыл тұқымды ІҚМ сату аукционы өтеді

«Қарасу» сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС (Қостанай облсы, Қарасу ауданы, Восток кенті) қазақы ақбас және әулиекөл тұқымдас асыл тұқымды ІҚМ сату мақсатында кезекті «KARASU Farm-2015» аукционын өткізеді. «Казагромаркетинг» АҚ осы шараны қоса өткізетін болады, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ. Аукцион барысында барлығы 60 бас асыл тұқымды ірі қара мал саудаға шығарылатын болады, оның 20 басы әулиекөл тұқымдас қашарлар, 10 басы қазақы ақбас тұқымдас қашарлар, 30 басы қазақы ақбас тұқымдас тайыншалар. Барлық асыл тұқымды тайыншалардың өнімділігін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университитенің ғылыми қызметкерлері бағалаған. Саудаға шығарылатын асыл тұқымды тайыншалар еттерінің айрықша сапалығымен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Тәулігіне шамамен алғанда 900-1000 граммнан сал…

0
0
532

Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мемлекеттік қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін қажет етеді – сарапшы

Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мемлекеттік қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін қажет етеді, деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Әлия Мұхамеджанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. «Мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған 5 институционалды реформа өзінің белсенді кезеңіне өтті. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік органдар кәсіби, автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарды белсенді талқылауда. Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мемлекеттік қызметкерлердің бәсекеге қабілетті болуын, олардың кәсібилігі мен патриоттығын қажет етеді»,-деді Әлия Мұхамеджанова. Сарапшының сөзінше, аталған ұстанымдар негізінде академия өзінің бағдарламаларын Мемлекеттік қызмет істері…

0
0
779

С.Ахметов: Жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді оқу орындарынан бастау керек

Елордада Астана қалалық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Онда 2015-2025 жылдарды қамтитын ҚР Жемқорлыққа қарсы стратегиясының аясында жемқорлыққа қарсы мәдениетті білім беру мекемелері мен жастардан бастау қажеттігі сөз болды. Жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді оқу орындарынан бастау керек. «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сапар Ахметов өзінің осындай пікірімен бөлісті. «2015-2025 жылдарға бағытталған ҚР Жемқорлыққа қарсы стратегиясының атының өзі құжаттың болашаққа бағытталғандығын меңзеп тұр. Осыған байланысты біздіңше, тап осы жемқорлыққа қарсы тәжірибе мен жастардың бойында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.…

0
0
395

ҚР Қорғаныс министрі «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметші қыз-келіншектері арасында өткен «Батыр арулар» бірінші республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. Қазақстандық армияның он екі үздік өкілін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов құттықтады. «Батыр арулар» байқауы ер-азаматтармен тең дәрежеде иық тіресіп Отанға қызмет етуге арнаған әскери қызметші қыз-келіншектерді табуға және олардың қызметі туралы айтып беруге мүмкіндік берді. Олардың қызметі үлгі аларлықтай, ал жұмыс күндері әскери қызметпен біте қайнасқан. Әлемдік тарихта «жауынгер қыз» айрықша ұғым болып саналатын. Алайда, ХХІ ғасырда әскери қызметші қыз-келіншек немесе сарбаз қыз деген кәсіптің болуы ешкімді таң қалдырмайды. Бұның бір жарқын көрінісі ре…

0
0
1489

С. Героев: Барлық этностардың мәдениеті, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерттеу Қазақстан халқын біріктіреді

Барлық этноастардың мәдениеті, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерттеу Қазақстан халқын біріктіреді. Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында «Вайнах» шешен-игуш» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Салман Героев осындай пікірімен бөлісті. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этномәдени бірлестіктерді өзінің қанатының астына алды. Біз бір-бірімізбен аралса отырып, мәдениет пен әдеп-ғұрып, дәстүрлеріміз туралы білудеміз. Осының барлығы бізді біріктіреді»,-деді С.Героев. Оның сөзінше, қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін, салт- дәстүрлерін тереңірек зерттеу керек. «Түрлі себептерге байланысты бізде бір қазақстандық халық қалыптасты – олардың арасында біз, яғни шешен-ингуш халықтары сияқт…

0
0
428

Қаржы министрлігі мүлікті заңдастыруды жеңілдетуге арналған заң жобасын дайындады

ҚР Қаржы министрлігінде мүлікті заңдастыру үдерісін жеңілдетуге бағытталған заң жобасы дайындалып, құжат Парламентке 2015 жылдың қыркүйек айында қарауға жолданады, деп хабарлады Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. «Мемлекет басшысының мүлікті заңдастыру шарасын жеңілдету жөніндегі тапсырмасы бойынша және құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалауды болдырмау мақсатында арнайы заң жобасы дайындалды»,-деді А.Теңгебаев. Оның сөзінше, азаматтар өздерінің активтерін заңдастыру үшін 3 бағыттың біреуін таңдайды. «Бірінші бағыт бойынша, банк есептеріне оларды сақтау міндетінен босатыла отырып, қаржы аударады және одан төлемдер алынбайды. Бүгінгі таңда депозитте жатқан қаржыны басқада бір мақсаттарға жұмсау үшін ол кемінде 5 жыл…

0
0
336

Қызылорда облысында «Шаңырақ» интеллект-орталығы өз жұмысын бастады

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жұмыссыз жастарға және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған «Шаңырақ» интеллект-орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлады облыс әкімдігі. Жобаның мақсаты 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбек пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ІТ-технологияларды пайдалануға үйрету болып табылады. Алдына мақсат қойған жастар кітапханадағы «Шаңырақта» бас қосып, электронды білімдерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған оқу курстары мен тренингтерге тегін қатыса алады. Орталықта жастар компьютер және Интернетпен жұмыс істеуді үйренеді. Электронды білім оларға интернет арқылы жұмыс орнын іздеуге, әртүрлі әлеуметтік желілерді және электронды…

0
0
563