ЮНИСЕФ Қазақстанда өзіне-өзі қол салуды оңалтуға мүдделі
ЮНИСЕФ Денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігінің қолдауымен балалар мен жастар арасындағы өзіне-өзі қол салу жағдайларының себеп-салдарын кешенді талдау жұмыстарын жүргізді, деді БҰҰ-ның даму қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
«Оңалтудың тиімді жүйесін қалыптастыру үшін балалар мен жастардың негізгі тәуекелдерін бағалау мен талдау маңызды. Сондықтан да ЮНИСЕФ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп, балалр мен жастар арасындағы өзіне-өзі қол салу жағдайларының себептері мен салдарларына кешенді талдау жүргізді және оған осы саладағы әлемдік сарапшылар қатыстырылды»,-деді Ю.Оксамитный.
Оның сөзінше, ЮНИСЕФ-тің зертеулері бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, биліктің жергілікті және орталық органдары сияқты салалар бойынша түрлі деңгейлерде енгізу үшін бірқатар кеңестер әзірленді.
«Аталған кеңестер өзін-өзі қол салу жағдайларының алдын алу бағдарламаларының кешенді, сектораралық бағдарламасына енгізілді және ол Үкімет тарапынан мақұлданып, ЮНИСЕФ-тің сарапшылары тарапынан қолдау тапты. Қазіргі таңда Қызылорда облысының әкімдігімен және психотерпия және наркология орталығымен аталған бағдарламаны іске қосу басталды. Жыл соңына дейін ол Қазақстанның өзге де өңірлері үшін қолжетімді болады»,-деді Ю.Оксамитный.
«Балалардың өзін-өзі қол салу жағдайына өте байсалды болу керек. Жалпы алғанда біз Қазақстанда балалардың өзіне-өзі қол салу жағдайлары бойынша өзге елдермен салыстырғанда экстремалды жағдайды байқап тұрған жоқпыз. Қазақстанда бұл мәселеге өзге елдермен салыстырғанда ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстанда соңғы 15 жылда өзін-өзі қол салу жағдайлары 37 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш қалалық жерде жоғары, ал ауылдық аймақтарды төменірек»,-деді Ю.Оксамитный.
Сарапшының айтуынша, өзіне-өзі қол салу мәселесіне келгенде жауапкершілікті тек Үкімет пен жергілікті билік органдарына, кәсіби мамандарға ғана артып қоюға болмайды.
«Біздің ойымызша, бұл мәселеге үкіметтік емес ұйымдарды тартып, отбасындағы жағдайға назар аударып, ата-аналардың тәрбие беру ісіне көңіл бөлу керек. Баланы дамытып отыру қажет, олар өмірге қажетті психологиялық әдептерге дағдыланулары керек. Осы қолдау көрсетілуі үшін тиісті ақпараттарды БАҚ арқылы жеткізу маңызды»,-деді сарапшы.
Оның сөзінше, бұл мәселеге Қазақстанда Үкімет деңгейінде үлкен көңіл бөлінуде.
«Бған қоса, 2015 жылдың екінші жартысында, күзде балаларға қатысты зорлық-зоб\мбылықтардың алдын алуға бағытталған ұлттық науқанға көшпекпіз. Біз аталған науқан шаралары балалардың өздеріне өздері қол салу жағдайларының оңалуына игі ықпал етеді деп сенеміз»,-деді ол.
