Н. Калашникова: 900-ден астам этномәдени бірлестіктері ҚХА-ның фундаменталды негізін қалайды
900-ден астам этномәдени бірлестіктер Қазақстан халқы Ассамблеясының фундаменталды негізін қалайды, деді ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Наталья Калашникова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы халық өкілдігінің саяси үстемдігі жоғары институт ретінде өзінің құрылымдарында тікелей, біздің қазақстандық сәйкестікті нығайтатын қоғамдық ұйымдарды құрды. Олардың қатарында ҚХА жанындағы Журналист-сарапшылар институтын, Қоғамдық келісім кеңесін, Аналар кеңесі, Ғылыми-сарапшылық кеңес сияқты ұйымдарды айтуға болады. Алайда, ҚХА-ның негізін 900-ден астам этномәдени бірлестік өкілдері қалайды. ҚХА-ның міндеттері мен қызметі қазақстандық сәйкестікті нығайтуға бағытталған. Осындай мүмкіндіктер мен тәжірибе жинақталған біздің құрылымдарда»,-деді Н.Калашникова.
Сонымен қатар, ол 100 қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыру туралы айтты.
«Бүгінде Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша көптеген сауалдыр туындап отыр. ҚХА жылы аясында 2015 жылдың соңына дейін және 2016-2018 жылдар аралығында жүзеге асырылатын алдағы жоспарлардың барлығы тікелей Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған»,-деді директоры.
Сонымен қатар, ҚХА мен оның құрылымдарының басты міндеті «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыруға негізделіп отыр.
«Осы ретте айта кететін мәселе, тап осы этномәдени бірлестіктер мен ҚХА-ның қоғамдық ұйымдары аталған жобаның рөлі мен ол жүзеге асырылатын орын туралы қызу пікір таластыруда. Бұған қоса, 100 нақты қадам аясында Мемлекет басшысының тағы бір тапсырмасы жүзеге асырылуда. Ол Қазақстанның этномәдени бірлестігі өкілдерінің жалпымемлекеттікміндеттерді жүзеге асырыуымен байланысты»,-деп қосты Н.Калашникова.
«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам аясында Елбасының тағы бір тапсырмасы – этномәдени ұйымдардың жалпымемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруға тапсыру.Алматыдағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен кездесуде біз этномәдени ұйымдардың осы жобаны жүзеге асырудағы рөлі мен маңызын талқыладық», - деді ол.
«Үлкен мемлекет-үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында ҚР МСМ-мен бірігіп бұл жобаның ҚХА мен азаматтық қоғам институтына енуі бойынша жұмыстар жүрпгізілуде.
«2015 жылдың соңына дейін 12 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 2015 жылдың 6-7 тамызында медиацияның кезекті отырысы өтеді. Біз оған отандық және шетелдік сарапшыларды шақырамыз»,- деді Н.Калашникова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Үлкен мемлекет-үлкен отбасы» жобасы халықтық болуға шақырылды.
«Қазір аталмыш жобаға енетін шаралардың концептуалдық мәселелері талқылануда. Олардың ішінде қазақ халқына деген алғыс күні, әлеуметтік көмек көрсету жолы, ірі жобалардың жүзеге асуы, Жібек жолын зерттеу жобалары бар. Жобалар сәйкес қаржыландыруға ие болады»,- деді ол.
