Беларусь Президенті Н.Назарбаевты «Халықтар достығы» орденімен марапаттады
Беларусь Президенті Александр Лукшенко Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары мемлекеттік награда «Халықтар достығы» орденімен марапаттады. Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында белгілі болды. «Осы залда мен жоғары мемлекеттік награданы берсем деп едім. Баршаларыңыздың алдында бұл мемлекеттік награданы Нұрсұлтан Әбішұлына тапсырғым келеді», - деп мәлімдеді Беларусь Президенті. А. Лукашенконың айтуынша, Н. Назарбаев - посткеңестік кеңістікгтегі және Кеңес одағы кезіндегі жұмыс тәжірибесін пайдаланады. «Н. Назарбаев ТМД үшін көп нәрсе жасады, ЕАЭО құру туралы идеяда оған тиесілі. Бұл біздің елдеріміз арасындағы достықты нығайтуға ғана емес, еліміздегі адам өмірін жақсартуға септігін тигізуде», - деп жалғастырды Белар…