Бакуде Транскаспий халықаралық көлік бағдары тиімділігін көтеру талқылануда
Бакуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті Асқар Маминнің төрағалығымен Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту жөніндегі Үйлестіру комитетінің кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ. Кеңес отырысына Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия темір жол әкімшіліктері жетекшілері мен Ақтау халықаралық теңіз порты, Баку халықаралық теңіз сауда порты, Каспий теңізі кеме кәсіпорны жетекшілері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде: Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Грузия-Түркия бағдарындағы «Nomad Express» контейнерлік пойызын өткізудегі темір жол теңіз көлігі тікелей халықаралық темір жол паром бағдарындағы қатысушыларды көлік компанияларының өзара ықпалдасу тұрғысындағы технологиялық жұмысын бекіту жайы қаралды;ТХКБ «Nomad Express» бағдарындағы контейнерлік пойызды ұйымдастырудағы кешендік мөлшерлем…