Мазмұнға өту
Anuarbek_Ainash

Айнаш Ануарбек

@Anuarbek_Ainash

Сайтта 2015 ж. 8 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

2 159

пікірлер

2

тіркелуші

50

жазылымдар

16

Бас Прокуратурада бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою саласындағы заңдылықтың қорытындысы талқыланды

Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтті. Онда 2014 жыл мен 2015 жылдың 8 айындағы бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жасалған талдау қорытындылары талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Алқа жұмысына Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері, Жоғарғы соттың, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, облыстық әкімдіктердің басшылары қатысты. Алқада қылмыстық жағдайға теріс әсер ететін және құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар егжей-тегжейлі сараланып, ұрлықтың алдын алу бойынша шаралар ұсынылды. Қадағалау органының басшысы құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықты ескертудің пәрменді тәсілдерін әзірлеу мәселелерінде құқық қорға…

0
0
275

Ұлттық банк «Мешін жылы» мен «Шыбыншы торғай» ескерткіш күміс монеталарын шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 16 қазаннан бастап «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Мешін жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталарын және «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «Шыбыншы торғай» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. «Мешін жылы» монеталары он екі қырлы нысанда жасалған. Күмістен және алтыннан жасалған екі монетаның бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын (күмістен жасалған монетада – «Ag 925 31,1 g…

0
0
619

Ақтөбе рельс-арқалығы зауытында алғашқы отандық рельс өнімі шығарылды

Ақтөбе рельс-арқалығы зауыты (АРАЗ) отандық рельс өнімдері прокатын шығарды. Бұл бірегей кәсіпорын мемлекет басшысының жеке тапсырмасы бойынша салынған ТМД аумағында теңдесі жоқ зауыт, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ. Өткен жылдың желтоқсан айында Президент Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен АРАЗ-да «Қазақстанның жаңа индустриализациялаудың 2014 жылғы қорытындысы және алғашқы бесжылдықтың нәтижелері» атты жалпы ұлттық телекөпір аясында рельс зауытының бірінші кезеңі іске қосылды. Зауыт құрылысы мен оның өндірістік желісі қысқа мерзімде салынды. Бүгінгі таңда кәсіпорын дайын өнімдірді шығаруды бастады. Салтанатты іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А.Мамин, «Siemens S.p.a» компаниясының бас директоры Джузеппе Феррарио, ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, Ақтөбе облысының әкімі Бердібе…

0
0
362

Бес мемлекеттің президенттері ЕАЭО-ның халықаралық қызметі туралы 15 құжатқа қол қойды

Армения - Серж Саргсян, Беларусь - Александр Лукашенко, Қазақстан – Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан - Алмазбек Атамбаев пен Ресей - Владимир Путин - бес мемлекеттің президенттері Еаразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметін анықтайтын 15 құжатқа қол қойды. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында белгілі болды. «Күн тәртібінде 15 мәселе болды. Біз шағын құрам барысында осы барлық 15 мәселені қарадық. Аталмыш мәселелер бойынша қол қоюға арналған құжаттар дайын», - деп сендірді Беларусь Президенті Александр Лукашенко. Атап айтқанда, кеңес қорытындысы бойынша ЖЕЭК қатысушылары «2015-2016 жылдарға арналған ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің негізгі бағыттарына» және «ЕАЭО-ның негізгі серіктест…

0
0
570

Қазақстандық армияның әскери қызметшілері «Кембриялық патруль-2015» оқу-жаттығуында жаңа тәжірибе жинақтайды (ФОТО)

Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тобы «Кембриялық патруль-2015» халықаралық оқу-жаттығуына қатысу үшін Уэльс шет аймағына, Ұлыбританияның Біріккен Патшалығына және Солтүстік Ирландияға аттанды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Оқу-жаттығуға Ұлыбритания және шет елдері Қарулы Күштері түрлерінің арнайы бөлімшелері қатысады. Оқу-жаттығу шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілер өздерінің дағдыларын жетілдіруге және жергілікті жерді патрульдеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибе алмасатын болады. Оқу-жаттығу Ұлыбритания корольдік Қарулы Күштерінің 160-механикаландырылған жаяу әскер бригадасының базасында екі кезеңде өткізіледі, яғни, дайындық және белсенді фаза. «Кембриялық патрульдердің» сайысы 40 жылдан бері жыл сайын Ұлыбританияда өткізіліп тұ…

0
0
332

Жыл басынан бері Алматы соттары 90 мыңнан астам істі қарады – Жоғарғы сот

Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Төралқасының отырысы өтті, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. Онда Алматы қаласы соттарын кешенді тексерудің және практикалық көмек көрсетудің нәтижелері талқыланды. Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыров Алматы қаласы соттарының сот төрелігін жүзеге асырудың, қызметтерін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жағдайын кешенді тексерудің қорытындылары туралы айтты. Өз сөзінде ол Алматы қаласының соттары республика бойынша азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істердің ең көп санын қарайтындығына тоқталды. 2014 жылы қала соттары шамамен барлығы 117 мың істі, 2015 жылдың өткен кезеңінде 90 мыңнан астам істі қарады. Алматы қаласының аудан…

0
0
345

Айдын Айымбетов Талдықорған қаласының құрметті азаматы атанды (ФОТО)

Ғарышты бағындырған еліміздің үшінші перзенті Айдын Айымбетов жерлестерімен жүздесу үшін өзінің туған жері Талдықорған шаһарына арнайы келді, деп хабарлады облыс әкімдігі. Облыс орталығы Талдықорған қаласының төріндегі «Жастар» спорт сарайында Ұлы дала елінің Батыры, Халық Қаһарманы, барша Алаш жұртының мақтанышымен қауышуға жиналғандардың қатары мол болды. Қазақстанның көк байрағын ғарыш көгінде желбіретіп, аман-есен еліне оралған ғарышкерді Жетісулықтар атынан өңір басшысы Амандық Баталов құттықтады: «Туған қалаңызға, жер жаннаты Жетісу жеріне қош келдіңіз! Қазақтың абыройын асырған Сіздей азаматтың Алматы облысында дүниеге келіп, білім алып, қызмет жасағандығы – біз үшін үлкен мақтаныш. Сіздің бала кезіңізден ғарышкер болуды армандап, Қазақ елінің туын ғарышқа алып шықсам деген балалық…

0
0
616

Н.Назарбаев А.Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен және А.Атамбаевты парламенттік сайлауды сәтті өткізуімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының Бурабай ауылында өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекет басшылары кеңесінің ашылуында Беларусия Президенті Александра Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен және Алмазбек Атамбаевты парламенттік сайлауды сәтті өткізуімен құттықтады. «Менің ойымша, кеңесімізді бастамас бұрын әріптесіміз, әрі досымыз Александр Григорьевич Лукашенконы президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтағанымыз дұрыс болар және жауапты қызметте табыс тілейміз. Сіздің басшылығыңызбен барлық бағыттар бойынша біздің интеграциялық процестеріміз күшейе түседі деген сенімдемін», - деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қырғызстан халқы мен Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевты сәтті парламенттік сайлауды өткізуімен…

0
0
186

Н. Назарбаев: Қазақстан ТМД құрылғалы бері біздің елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастық үшін жұмыс жасауда

Қазақстан ТМД құрылғалы бері біздің елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастық үшін жұмыс жасауда, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайдағы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында. «Бүгінгі ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы Достастықтағы Қазақстанның төрағалығымен өтуде. Қазақстан ТМД құрылғалы бері біздің елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастық үшін жұмыс жасауда», - деді Елбасы. Қазақстан Президентінің айтуынша, бұл 11 посткеңестік кеңістік елдерін қосып отырған бірегей алаң, өңірде оған ұқсас алаң жоқ. «Біз мұнда халықаралық саясаттың ең өзекті мәселелерін талқылап, пікір алмаса аламыз. Бүгінгі шара ТМД елдерінің дамуына өз үлесін қосып, біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына әкеледі», - деді Елбасы. Ұлт көшбасшысы атап өткендей, бүгінгі отырыстың күн тәрті…

0
0
2453

ШҚО әкімі мен ҚР-дағы Нидерланды елшісі корпоративті-әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін талқылады

Аймақ басшысы Нидерланды Патшалығының Сыртқы істер министрлігінің Адам құқықтары жөніндегі елшісі Кейс Ван Бармен және Нидерландының Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Ханс Дриссермен кездесті, деп хабарлады ШҚО әкімдігі. Екі жақ адамның негізгі құқықтары мен бостандығын сақтаудың заманауи жағдайы және корпоративті-әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін талқылады. Кездесудің бас кезінде облыс әкімі Даниал Ахметов келген қонақтарға аймағымыз туралы айтып, оның индустриалды-инновациялық дамуына, агро өнеркәсіптік кешенінің қарқынды нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар, ол өңірімзде бүкіл әлем бойынша санаулы өндірістердің қатарына кіретін өнеркәсіптер бар екендігін атап өтті. Нидерландының Сыртқы істер министрлігінің Адам құқықтары жөніндегі елшісі Кейс Ван Бар Шығыс Қазақс…

0
0
801