Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бес мемлекеттің президенттері ЕАЭО-ның халықаралық қызметі туралы 15 құжатқа қол қойды

Армения - Серж Саргсян, Беларусь - Александр Лукашенко, Қазақстан – Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан - Алмазбек Атамбаев пен Ресей - Владимир Путин - бес мемлекеттің президенттері Еаразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметін анықтайтын 15 құжатқа қол қойды. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында белгілі болды.

«Күн тәртібінде 15 мәселе болды. Біз шағын құрам барысында осы барлық 15 мәселені қарадық. Аталмыш мәселелер бойынша қол қоюға арналған құжаттар дайын», - деп сендірді Беларусь Президенті Александр Лукашенко.

Атап айтқанда, кеңес қорытындысы бойынша ЖЕЭК қатысушылары «2015-2016 жылдарға арналған ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің негізгі бағыттарына» және «ЕАЭО-ның негізгі серіктестерімен орташа мерзімге сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту тәсілдеріне» , Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының сандық құрамы туралы құжаттарға және т.б. қол қойылды.

Сонымен қатар, ЕАЭО мәселелері мен Жібек жолы экономикалық белбеуі бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қызметін үйлестіру туралы; ЕАЭО негізгі экономикалық даму бағыттары туралы; Еаразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне өзгертулер енгізу туралы бірқатар құжаттарға да қол қойылды.

«Жақын арада жаңа жылға дейін бұл мәселелер зерттеліп қана қоймай алға ілгерілейтін болады. Сонымен қатар Қырғызстан да ЕАЭО-ға енгеніне өкінбейді. Мен бұған дейін хабарлағандай күн тәртібінде 15 сұрақ. Осы құрамда оның барлығын қарастырдық және 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасына Армения төрағалық ететіні туралы шешім қабылданды», - деп мәлімдеді А. Лукашенко.

Беларусь Президентінің айтуынша, Арменияның бұрынғы Премьер-Министрі Тигран Саргсян Еуразиялық экономикалық комисия алқасына төрағалық етеді.

«Т. Саркисянға Ресей Президенті қолдау көрсетіп отыр.  Ол өте тәжірибелі маман», - деді А. Лукашенко.

«Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестің жоспарлы отырысы осы жылдың желтоқсанында Мәскеуде өтеді. Күн тәртібінің маңызды мәселелерінің бірі мүше елдердің министрлері мен өкілдерінің мүшелеріне бағытталған ұжымды реттеу болып табылады», - деді В.Христенко.

«Жұмыс желтоқсанға дейін аяқталуы керек. Олардың барлығы 2016 жылдың 1 ақпанына дейін комиссия қалай жұмыс істейтінін білуі қажет», - деді ол.

Айта кетейік, Ақмола облысының Бурабай ауылында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысы өтуде. Кеңестің отырысына Қазақстан Президенті Н.Назарбаев, Армения Президенті С.Саргсян, Беларуссия Президенті А.Лукшенко, Қырғызстан Президенті А.Атамбаев және РФ Президенті В.Путин қатысуда.

Ақпарат көзі

 
0
0
569

Осы тақырып бойынша

Бес мемлекеттің президенттері ЕАЭО-ның халықаралық қызметі туралы 15 құжатқа қол қойды - Yvision.kz