ОҚО-ның индустриалды аймақтасрында екі жыл ішінде 8 мың жұмыс орны ашылады
ОҚО-ның индустриалды аймақтасрында екі жыл ішінде 8 мың жұмыс орны ашылады.Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Оңтүстік» индустриалды аймақ дерекциясының директоры Мұхтар Тұрабеков мәлім етті. Оның айтуынша, 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында мұндағы жалпы өндіріс көлемі 10,1 млрд. теңге қаржыны құрап, ондағы кәсіпорындардың бюджетке келтірген пайдасының жалпы сомасы 740 млн. теңге болған. Ал индустриалды аймақ ашылған 6 жылдағы кәсіпорындардың мемлекет қазынасына қосқан үлесі 5,3 млрд. теңгені құрап отыр. «Басқарушы компанияның 2016 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша электр қуаты, су сату және инженерлік қызмет атқылы 34,4 млн. теңге пайда тауып, оның өткен 2015 жылмен салыстырғанда 68 пайызға өсті», - деді М.Тұрабеков. Баспасөз жиынында индустриалды аймақ…