Бразилия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын ресми түрде растады
Бразилия Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. Астаналық халықаралық көрмесінде Оңтүстік Америка елін бразилиялық «Итайпу Бинасионал» компаниясы Бразилияның Энергетика және тау кең қазу өнеркәсібі министрлігінің координациясы астында ұсынатын болады. Бразилия энергия шығару бойынша «жасыл» технологияларды белсенді түрде пайдаланатын елдердің қатарына кіреді. Мемлекет жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану мен өндіруде едәуір тәжірибесі бар, Бразилияда тұтынылатын энергияның 45% және отынның 18% жаңғыртылады. Гидро, термоэлектрикалық, күн, жел және ядролық электр станцияларынан тұратын Бразилияның энергетикалық кешені қоршаған ортаны…