ҚР ҰЭМ мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету бойынша белсенді жұмыс істеуде
Президент әкімшілігінің тапсырмасы бойынша министрлікпен мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жеңілдету бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп тұрады. Пилоттық апробация үшін 66 мемқызмет таңдалды, деп Үкіметтің отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты. «Ұлттық экономика министрлігімен тұрақты түрде мемлекеттік қызметтердің тізіліміне жаңарту бойынша жұмыс жүргізіледі. 2011-2015 жылдар аралығында мемқызметтің тізімі әр түрлі салада 3,5 есеге өсті. Бұл: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, туризм, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және т.б.»,-деді министр. Ағымдағы жылы министрлікпен Премьер-Министрдің кеңсесіне «Мемқызметтің тізіліміне өзгерістер енгізу туралы» жоба-жарлық енгізілді. «Ол мемлекеттің реестрінен 58 қызметті алып тастауды қарастырады.…