ШҚО-да ШОБ аясында қаржыландырылатын басым жобалар анықталды
Шығыс Қазақстан облысы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ арасында шағын және орта кәсіпкерлік бойынша өңірлік қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін меморандумға қол қойылды. Тиімді пайыздық көрсеткішпен кәсіпкерлерге 7 жылға несие беріледі, деп хабарлады ақпараттық орталық. Бағдарлама жергілікті атқарушы органдар мен «Даму» қоры есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әкімдіктер мен Қордың бірлесіп қаржыландыруы 1:1 өзара қатынасына бөлінеді. Бағдарлама әрбір аймақта ШОБ-тың жобалық қаржыландырудың басым секторларын айқындауға мүмкіндік береді. Аймақ басшысы Даниал Ахметов айтып өткендей, ШҚО-да шағын және орта бизнес субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде негізгі сүйеніш ауыл шаруашылығы өнімдерінің кооперативтік маркетингісіне, сүтті-тауарлы фермалард…