Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы  Петропавл қаласына барды. Жұмыс сапары аясында  өңірдің  жұртшылығымен кездесу өтіп,  ауыл шаруашылығы және әлеуметтік, көліктік сала нысандарын аралау жоспарлануда.

Мемлекет басшысы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалын қайта жаңарту барысымен танысты.

Елбасыға ұшақты рульмен бағыттау жолағын, перронды, жарық беру жабдығы мен жолаушылар терминалын жаңғырту жұмыстары, сонымен қатар әуежайды одан әрі жетілдіру перспективалары туралы баяндалды.

Петропавл қаласындағы халықаралық әуежай нормативтік мүмкіндігі бойынша сағатына 200 жолаушы өткізе алады. Аэровокзал ғимаратының жалпы алаңы – 2 400 шаршы метр.

Қазақстан Президентіне отандық қорғаныс өнеркәсібінің өндірістік мүмкіндігі мен жоғары инновациялық әлеуеті көрсетілді.

Көрмені аралап шыққан соң Нұрсұлтан Назарбаев «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «ЗИКСТО» АҚ әскери-өндіріс кәсіпорындарының инженерлерімен және конструкторларымен әңгімелесті.

Әскери техника құрастырумен қатар электрлік белгі беру жабдықтарын, азаматтық және арнайы мақсаттағы радиостансаларды, мұнай-газ секторы мен энергетика кешені кәсіпорындары үшін өнеркәсіп құрылғыларын, вагондар (ашық вагондар, астық таситын вагондар, платформалар) және  көлік саласы үшін басқа да өнім түрлерін шығару мен жаңарту аталған кәсіпорындардың негізгі қызметі болып саналады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
566

Осы тақырып бойынша

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды - Yvision.kz