Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Биыл ОҚО ЕАЭО елдеріне 158,1 млн теңгенің тауарын экспорттады

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы ЕАЭО елдеріне 158,1 млн теңгенің тауарын экспорттады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.

Алдын ала деректер бойынша, 2016 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 319,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтар-шілде  деңгейіне 64,5%, оның ішінде экспорт – 158,1 млн. АҚШ долларын (59,1%) немесе өзара сауда көлемінің 49,5%, импорт – 161,2 млн.  АҚШ долларын (70,7%) құрады.

Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 295,8 млн. АҚШ доллар (өзара сауда көлемінің 92,6%) сомасында қалыптасты, Беларусь Республикасымен – 7,5 млн. АҚШ доллар (2,4%), Қырғызстан Республикасымен – 16 млн. АҚШ доллар (5%). ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміндегі 93,7% Ресей Федерациясына, 6,2% – Қырғызстан Республикасына, 0,1% - Беларусь Республикасына тиесілі.

Жұмысы жолға қойылған Шымкент пен Кентау, Түркістан мен Созақ, Түлкібас, Мақтарал және Казығұрттағы индустриалды аймақтар болса, мұнан бөлек, тағы 4 осындай аймақта бүгінде инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жиында Б.Атамқұлов бүгінге дейін облыстағы индустриалдық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4025 жұмыс орны құрылғанын айтып, «Индустриалды-инновациалық даму» бағдарламасы аясында жыл басынан 2 жоба іске қосылып, 74 жұмыс орны ашылғанын жеткізді.

Айта кеткен жөн, өсім бойынша облысымыз республикада алдыңғы қатарда келеді. Тарқатып айтсақ, бағдарлама аясында бюджетке түскен салықтардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 804 млн. теңгеге артып, 5,4 млрд. теңгені құраса, 6 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 384 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,3 пайызға артқан.

Аз қамтылған азаматтар саны 27 пайызға, жұмыссыздық – 5,2 пайызға, жастар арасындағы жұмыссыздық 3,6 пайызға төмендеді.

Сонымен қатар, биыл өңірде  37 мектепке дейінгі мекеме  ашылып, балаларды қамту деңгейі 80,5 пайыздан 82,3 пайызға көтерілді.

Сондай-ақ,  пайдалануға 42 мектеп, 6 балабақша беріліп, 11 аппаттық жағдайдағы  және 9 үшауысымдық мектептің құрылысы аяқталды. 77 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
403

Осы тақырып бойынша