Мазмұнға өту
Anuarbek

Мұқағали Мақатаев шығармашылығы

@Anuarbek

Сайтта 2018 ж. 24 қаңтар

Қазақтың лирик ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

рейтинг

100

жазбалар

30

пікірлер

0

тіркелуші

5

жазылымдар

0

Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды

Ақылымның есігінен аттай бере жығылды.

Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап,

Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау зығырды.

Інім айтса бас изедім, ағам айтса қош көрдім,

Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, дос көрдім.

Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма,

Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің.

Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын,

Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайын.

Адалсың ба, қолынды бер, сенен тәлім алайын,

Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын.

Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр,

Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.

Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал,

Қалғандарың құлан жортпас құла дүзге лақтыр!

0
0
1101

He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен

He пайда дәтке қуат бекінгеннен, Алайда, емханада көз жұмғаннан, Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген. Құрбан ғып жастығымды, жас ғұмырды, Жауымнан жасыра алмай қастығымды. Жанымды аямаған жауларымнан, Ала жатар едім ғой жастығымды. Өкінбен, мұңайман да, өксімеймін, Өмірім, осылай-ақ өтші мейлің. Алайда, аласапыран тіршіліктің, Алдында күресе алмай тек сілейдім! Күнін керіп жүргем жоқ жетім құлдың, Бірақта не бітірдім, не тындырдым. Шөп жинаған ініне суырдайын, Әйтеуір тіршілікке бетім бұрдым. Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам, оған жұртым өлімдестің. Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! Туған жер сағындырды, келді есіме, Өзім кепіл енді оны көрмесіме. Тағыдай тауда өскен тарлан едім, Таңылдым емхананың бөлмесіне. Кім кепілдік береді өлмесіме! О, дәу…

0
0
825

Бүгін менің туған күнім

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?!

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

«Мынау - шапан, Мынау - атың, мін»,- демей.

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!

Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?

Халқым, Сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышың, мұңынды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!

Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,

Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.

...Тойланбаса тойланбасын,

He етейін.

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.

Қаламымды берші маған, бәйбіше,

Болашаққа арыз жазып кетейін...

1
0
676

He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан

Су тартылған теңізден, жылғалардан,

Нелер ұрпақ аттанған қуған арман,

He бар дейсің, өмірге тұлға болған

He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Өтеді ғой...

Өтеді барлығы да,

Күн арқылы кетеді таңды мына

Менің жаным ашиды барлығына;

Таң нұрына, адамның тағдырына

Менің жаным ашиды өткендерге,

Жаңа ғана өмірге жеткендерге

Ұран жазып аспанға қойсам ба екен

Енді сендер өмірден өтпендер деп.

Бәрі өтуде

Күн батып, кеш кіруде,

Жаңаруда дүние, ескіруде

Болашақтан - бейтаныс, ұрпағымыз,

Босат деп тұр орнымды,

Естідің бе?!

0
0
1150

He жетпейді?

Құлпырған маңайың гүл,-

Деп маған,

Ырза болмай, ағайын жүр.

Жаным барда, бойымда қаным барда,

Жырымнан жан ашуын алайын бір.

Бәрі де бар...

Басымда бәрі де бар.

Жан емеспін жарымжан дәріге зар.

Жетпейтіні - жүректің әні болар,

Бақыт, бақтың тарыдай дәні болар...

Қалғанының бәрі бар бір басымда,

Әлі талай жараймын қырды асуға.

Жетпейтіні - досым аз сырласуға,

Өмірім аз, жетпейді бір ғасырға.

Күрсінгенім болмаса анда-санда,

Көз жасымды қақым жоқ көл жасауға.

Аздығы да ғұмырдың алаңдатпас,

Міндетті емес ақындар көп жасауға.

Кім айыптап, сыртынан кім күледі,

Содан болар жырдың да жүнжігені.

Адам жырлап тұрғанда, заман жырлап,

Керегім де жоқ шығар кім біледі?!

0
0
358

He айтам саған, жаным-ай

Кете бердім жолменен шайтан салған.

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ».

Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.

...Сен қалдың қадіріме жетпей менің,

Шын берілсең, қара үзіп кетпейді едім.

Сол сәттен көз алдымда қалғаны тек

Үстінде желбіреген көк көйлегің.

...Сонымен сен де кеттің, мен де кеттім,

Ойран-асыр көңілді жөндемек кім?

Кімді сүйсең оны сүй, бақытты бол!

Бірақ менің сүйгенім сен демекпін.

Мейлі күн, мейлі айлар, жылдар өтсін,

Өкініп, опық-жейтін мезгіл жетсін.

Шынайы саған деген махаббатым

Өміріңе қарыз боп бірге кетсін.

0
0
343

1941 жыл. Ақпан.

Сыртта аяз. Аулымызды ақ қар жапқан. Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін, Алапат аспан, жерді аттандатқан. Аттан! деді, Ол ертең аттанады. Аттанады еңбектің ақ табаны: Күрегінің орнына қару алып, Жауынгердің ролін атқарады. Ол ертең аттанады. Жарты Ай тұр шар аспанда - тозған таға, Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?! Әжем жүр туған жердің топырағын, Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға. Ол отыр. Аямай-ақ ішіп алған. Санасын мазалайды күшік-арман. Аттан, әке. Таныс қой күрес саған, Күресуі керек қой күші бар жан. Here бізге үмітсіз тесілесің? Аттан, әке. Жолыңнан кешігесің. Кеудесінде шыбыны бар паңырлар, Тауып жейді сенсіз де несібесін. Қалай сені жұбатам, аңыра, Ана, Сау қайт деп тәңіріңе жалын, Ана. Мына отырған иеміз құласа егер, Саған жар, әке бізге табыла ма? ...Жалынған ғазиз Анам, сұрап қ…

0
0
588

Үзіліп түскен алмадай

Үзіліп көңіл қалғаны-ай!

Арыма басқан таңбадай,

Арылмай қойды-ау дау-дамай!

Тасыған көңіл арнадай,

Таусылып бүгін қалғаны-ай!

...Қиылып қалған құрақты,

Қиын да болар жалғау-ай!

Шоқтанып жанған көгімде,

ІІІолпаным бар ғой менің де.

Жолдассыз, доссыз тегінде,

Өткерген өмір өмір ме?!

Өкініш көп қой көңілде.

Осы да жақсы, кім білсін,

Ділгірсі көңіл, ділгірсін.

Өкініш, ынсап бір жүрсін.

Алайда, доссыз өткерген,

Күн құрсын, бауырым, күн құрсын!

0
0
447

Құмған алған...

Суға барған,

Сұлуымды сағындым.

Сырғаланған,

Қуған арман.

Құлынымды сағындым.

Түйнектер мен

Жидек терген,

Нуларымды сағындым.

Үйректермен

Иректелген,

Суларымды сағындым.

Тынып тіптен,

Түлік біткен,

Жусағанын сағындым.

Жиі беттен

Сүйіп өткен,

Қыр самалын сағындым.

Безінбейтін,

Сезінбейтін

Аңғал кезді сағындым.

Өзім дейтін,

Сезім дейтін -

Жанған көзді сағындым.

1
0
568

Сиыр айдап өріске ертеңменен

Сиыр айдап өріске ертеңменен,

Баратын ек тоғайға еркемменен

Тал басына шық тұрып, күннің нұры

Мың бояумен тоғайды көркемдеген

Қарасаздың шыбығын жел тербеген,

Жел тербеген шыбықты мен тербегем.

Ойласамшы, сол шыбық терек болып,

Өзегімді бір кезде өртер деген...

Қарасаздың шыбығын жел тербеген

Жел тербеген шыбықты сен тербеп ең.

Сонда менің ойымда мұң бар еді,

Өзі келіп, бір күні серпер дегем

Жақын өсіп жас шыбық бала талға,

Оянатын екеуі ала таңда

Тағдырымды сонда мен табыстаппын,

Сезімі бар, сенім жоқ алақанға...

Қарасаздың шыбығын сен тербеп ең,

Сен тербеген шыбықты мен тербегем.

Ойласамшы сол шыбық бір кездерде,

Өзегімді өзің боп өртер деген

Сол тоғайға барып ем ертеңменен,

Қарсы алдымда терек тұр жел тербеген.

Бір тоғайда бірге өскен егіз едік,

Here ғана шошыдың, еркем, менен?!

0
0
811