Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылорда облысының өңірлік штабының алтыншы мәжілісі өткізілд

 

2015 жылдың 3 тоқсанына техникалық реттеу метрология сұрақтары бойынша Қызылордалық өңірлік штаб отырысының бекітілген кестесіне сәйкес 2015 жылғы 15 қазанында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С Қожаниязовпен техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша кезекті өңірлік штаб отырысы өтті.


            Өңірлік отырыстық жүргізудің мақсаты– Кеден одағы техникалық регламенттерінің жобаларын және онымен байланысты құжаттарды талқылау, кеден одағының техникалық регламенттерiне сәйкес өндірістік процесте отандық өндірушілердің кездесетін қиындықтарды анықтау.

            Қызылорда облысының әкімдігінде өткен кездесуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаев, облыстың ұйымдар мен кәсіпорындар  және де Қызылорда облысының Техникалық реттеу жөніндегі облыстық штаб мүшелерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысындағы талқыланған сұрақтар:

- Кеден одағы аумағында кіргізілетін, өткізілетін және өндірілетін өнімдер құжаттарын рәсімдеу тәртібі мен процедурасы туралы;

-Өнімдердің қауіпсіздігіне санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу туралы;

-Тауарлардың кедендік тазартылуы туралы.

 
0
0
363

Осы тақырып бойынша

Қызылорда облысының өңірлік штабының алтыншы мәжілісі өткізілд - Yvision.kz